Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Алқалы аналар бақ сынасты

04.04.2025
- Жаңалықтар
0
Алқалы аналар бақ сынасты
73
БӨЛІСТІ
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысында алғашқы рет көп балалы аналар арасында «Алқалы ару-2025» байқауы өткізілді. Наурыз мейрамы аясында өткен байқауға облыстың әр өңірінен Алтын алқа және Күміс алқа иегерлері атанған 8 ана қатысты. «BIRGE.KZ.ULYTAU» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған бұл айрықша шараны тамашалауға Жезқазғандағы Халықтар достығы мен мәдениеті үйіне жұртшылық көптеп жиналды.

Сахнаға бірнеше кезең бойынша кезек-кезегімен шыққан аналар отбасы мүшелерімен бірге өз өнерлерін ортаға салды. Олар алғашқы кезеңде өздерін таныстырса, екінші кезеңде қабілет-қарымдарын танытатын әртүрлі сауалдарға жауап берді. Ал, үшінші кезеңде әйелдердің ежелгі ұлттық киімдерінің үлгісі мен ерекшелігін қысқа уақыттың ішінде талдап айтып берсе, төртінші кезеңде бойдағы өнерлерімен көрінді. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін төрт кезең бойынша жеке-жеке бағалап, ұпайларын беріп отырды.

Сынақ қорытындысы бойынша аналардың барлығына лайықты жүлделер тағайындалды. «Алқалы ару-2025» байқауының бас жүлдесін жезқазғандық кәсіпкер, Күміс алқалы көп балалы ана Самал Садықова жеңіп алып, 500 мың теңге сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ 300 мың теңге жүлдесі бар бірінші орын Жезді кентінен келген Күміс алқалы Гүлжазира Зейілғазинаға, екінші орын 250 мың теңге жүлдесімен сәтбаевтық Алтын алқалы ана Айгүл Әбішеваға, 150 мың теңге сыйлығы бар үшінші орын Жәйрем кентінен қатысқан Алтын алқалы Ақтоты Әділбековаға бұйырды. Қалған қатысушылардың өнері халық арасында тарихи тұлғаға айналған аңыз аналар атындағы номинациялармен бағаланды. Атап айтқанда, қазылар шешімі бойынша «Жұбан ана» атындағы және «Даңқты ана» номинацияларына Сәтбаев қаласының көп балалы аналары Айжан Шәріпова мен Әйгерім Тоқтасынова, «Әлпеш ана» номинациясына жезқазғандық Ақжарқын Токишева, «Бидаш ана» номинациясына қарсақбайлық Сандуғаш Дүтбаева лайық деп табылып, олардың әрқайсына 100 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Сонымен қатар Қарсақбайдан қатысқан Алтын алқалы ана С. Дүтбаеваға «Кеңгір» шипажайына 10 күндік жолдама қоса берілді. Байқау жүлдесіне ие болған аналардың барлығы арнайы дипломмен марапатталды.

Бұл маңызды іс-шараның облыстық және Жезқазған, Сәтбаев қалалары әкімдіктерінің қолдауымен, аймақтағы Атымтай жомарт азаматтардың демеушілігімен өткенін атап өткен жөн. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық көп балалы аналарға «Халық банк» АҚ Ұлытау облыстық филиалы тұрмыстық техника дүкенінен 20 мың теңгенің затын алатын сертификаттар табыстаса, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Ұлытау облыстық филиалы номинация иелеріне кәсіпкерлік қырын үйрететін арнайы курстың жолдамаларын сыйға тартты.

Сондай-ақ оқыңыз

Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025

Амандық РАХҰЛЫ.

 

 

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру