Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік сала қызметкерлері күні болып бекітілген. Халық арасындағы түрлі мәселерде белсеніділік танытып, өз мамандығына деген үлкен сүйіспеншілікпен қызме атқаратын сала мамандарына деген құрмет әрқашан жоғары.
Әлеуметтік қызметкер – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар мамандық иелері. Бұл бағыттағы мамандар мыс алыбы саналатын «Қазақмыс» компаниясында да түрлі санаттар бойынша жұмыстар атқарып отыр. Сала мамандарының кәсіби мерекесінде «Жезқазғантүстімет» ӨБ-ндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Гүлнәзия Тәжібаева Сабыржан Тембаев басшылық жасайтын «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған аймағы бойыншаәлеуметтік-еңбек қатынастары басқармасында болды. Гүлнәзия Қабыкенқызы басқарма ұжымына құттықтауын арнай келе, бірқатар сала мамандарын кәсіподақ тарапынан марапаттады.
– Әр әлеуметтік сала қызметкері – кез-келген азаматтың қиын кезеңіне бей-жай қарай алмайтын жүрегі кең жан. Бұл саланы таңдаудың өзі қажымас қайрат пен қайсарлықты талап етеді. Қиын да қажетті мамандық иесі ретінде тер төгіп жүргендеріңіз үшін шын көңілден шексіз ризашылығымды білдіремін, – деді Г.Тәжібаева.
Өз кезегінде басқарма басшысы Сабыржан Тембаев өздеріне деген зор құрмет үшін «КәсіпҚорған» кәсіподағына алғысын білдірді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.