Өткен жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару дирекциясының персоналды бағалау және дамыту бөлімінде «Шеберлер мектебі» корпоративтік даму бағдарламасы сәтті іске қосылды.
Оған Жезқазған, Балқаш, Нұрқазған және Қарағайлы байыту фабрикаларында шебер қызметін атқаратын, келешегінен зор үміт күттіретін білікті мамандар қатысты.
Өндірістік және басқару процестерінің барлық кезеңдерінде: белгіленген жоспарды тиянақты орындаудан бастап, ұжымның үйлесімді жұмысын ұйымдастыруға дейін шебердің жетекші маман ретіндегі рөлі орасан зор. Осы қажеттіліктерді ескере отырып, «Шеберлер мектебі» бағдарламасы әзірленді. Сонымен қатар, ол жас жетекші мамандар үшін өте маңызды, жұмысшы мен шебердің рөлдерінің дұрыс ауысуын қамтамасыз етуге арналған.
Бағдарламаны жүзеге асыру бір жылға жуық уақытты алды. Бұл уақыт заманауи көшбасшының негізгі функцияларын, дағдылары мен құралдарын теориялық тұрғыдан зерделеу үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа әдістерді тәжірибеде сынау үшін де жеткілікті болды. Айтпақшы, оқытудың бір бөлігі жалпы сессиялар кезінде ғана емес, сонымен қатар тікелей жұмыс орнында да өтті.
12 және 14 наурызда «Шеберлер мектебі» оқуды қорытындылады және соңғы тестілеуді тапсырғаннан кейін корпорацияның байыту секторының 57 шебері курсты аяқтау туралы лайықты дипломдарын алды. Енді олар өндірісте көшбасшының күшейтілген дағдыларын көрсетіп, оны қолданулары тиіс.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.