Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Алаш арыстары – мысты шаһар төрінде

05.08.2022
- Руханият
0
Алаш арыстары – мысты шаһар төрінде
98
БӨЛІСТІ
272
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Алаш алаңында ХХ ғасырдың басында елім, жерім, халқым деп ұрандаған, тарихта өшпес із қалдырған Алаш қайраткерлеріне арналған «Алаш арыстары» композициясының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты кешке қаламыздың ардақты ақсақалдары мен қала тұрғындары қатысты. Жиналған көпшілік қауымға Алаш зиялыларының тарихта қалдырған сара жолдары мен ел болашағы үшін жасаған ерліктері таныстырылды. Сонымен қатар халық назарына «Алаштың ары болған арыстарым…» атты поэтикалық блок ұсынылды.

Кешке жиналғандарды Қарағанды облысының, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Ұлытау облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сағындық Үсенұлы Қожамсейітов және  тарихшы, археолог, колледж оқытушысы Ләззат Сембинова құттықтады.

Күмбірлеген домбыра үнімен ұштасқан  А.Сейдімбековтің  «Сарыарқа» әні республикалық конкурстардың лауреаты, Т.Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының әншісі Ардақ Мұқышевтың орындауында тарту етілді.  Ақын, журналист, облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері  Мұқағали Сейтқазы ағалар рухына бағышталған арнау өлеңін оқып, халық қошеметіне бөленді.

Алаш зиялылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан Тынышбаев, Әлімхан Ермековтің рухтарына арналған ескерткіш-бюсті ашу құрметіне Ұлытау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Серікбайұлы Омар және Ұлытау облысы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сағындық Үсенұлы Қожамсейітов ие болды. Алаш амандығы үшін болған қасиетті күрес жолына ғұмырларын бағыштаған зиялылардың бюстіне жиналған қауым тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Аталмыш шара Жезқазған қаласының 70 жылдығын лайықты қарсы алу мақсатында жасалған «70 жылдыққа – 70 маңызды іс» бағдарламасына («Ұлт және ұлылар шоғыры» танымдық-тарихи жоба бойынша) және ұлт ұстазы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу тарихи оқиғасына орайластырылып жасалды.  Сонымен қатар, 2021 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Алаш қайраткерлері» композициясын ашу жөнінде жұмыстар қолға алынды. «Алаш қайраткерлері» композициясын әкімдік ғимаратының алдындағы Алаш алаңына орнату жоспарланды.

Жобаның мақсаты – ұлттық болмысымыз бен ұлттық рухымыздың сақталуы жолында өмірлерін күреспен өткізген, азаттық, тәуелсіздік жолында құрбан болған Алаш қайраткерлерінің сан қилы өмір жолын жас ұрпаққа таныту; ел азаттығы үшін болған күрес тарихының ақтаңдақ тұстарын танып, толықтыруға үлес қосу; Алаш алаңы мен Тәуелсіздік монументінің төңірегін ұлттық рух күші

Жобаның авторы Дәурен Дощанов болса, мүсіншісі Болатбек Салаев.

 

 

Бөлісу39Твитерге25

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру