Осылай ұрандатқан «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқағантүстімет» ӨБ өндіріс ошақтарының еңбеккерлері «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы ұйымдастырған жыл сайынғы көңілді мәре ойынында әр отбасы топ жарып, жеңіске жетуге ұмтылды.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған спорттық жарыс қызықты өтті. Бірнеше кезеңде бақ сынаған отбасыларға жарыс жолындағы қиындықтарды еңсеріп, бірлікті паш етуге тырысты. Бәсекеге түскен сәттен қазылар алқасының назарына іліккен отбасылардың қатарында «Батыс» кенішінің намысын қорғаған Құрсабаевтар әулеті бірінші орынды жеңіп алды. Отағасы Батырлан Құрсабаев кен шебері болып еңбек етеді.
«Жомарт» кенішінен келген Жақановтар әулеті екінші орынды еншіледі. Үшінші орынның жүлдесі сапалы бақылау басқармасынан Оспановтар отбасына бұйырды. Бәсекеде үздік ойын көрсеткен «КазКат» зауытынан Өтегеновтер әулеті «Креативті отбасы» номинациясына ие болса, «Транко Экспресс» ЖШС-нен Мәуленовтер «Жігерлі отбасы» аталымын алды.
«Керемет отбасы» аталымына «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нен Бүрленовтер отбасы лайық деп танылды. «Көрермен көзайымы» номинациясы Байқасымовтарға бұйырды. Тау-кен, шахта жабдықтары зауытынан қатысқан Еламановтарға «Үздік отбасы» аталымы тиесілі деп танылды. Жезқазған байыту фабрикасынан Әбдікеровтер отбасына «Еңүздік отбасы» номинациясы бұйырды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.