Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Әжелер ансамблінің байқауы

16.05.2025
- Жаңалықтар
0
Әжелер ансамблінің байқауы
66
БӨЛІСТІ
183
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Жезқазғандағы Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде «Соғыс жылдарындағы әндер» атты әжелер ансамблінің І облыстық фестиваль-байқауы болып өтті.

Бұл көзайым шараны облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Ұлытау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Әжелер ансамблінің байқау-фестивалі соғыс жылдарындағы әндерді жаңғырту арқылы майдан даласында құрбан болған боздақтар мен соғыс ардагерлерін еске алып, рухына тағзым етуді және зейнеткерлер арасындағы халық шығармашылығына қолдау көрсетуді көздеген еді. Фестиваль көздеген осы мақсатына жетті десек болады. Байқауға Жезқазған, Сәтбаев қалаларының, Жәйрем кенті мен Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының және Кеңгір, Талап ауылдарының әжелер ансамбльдері қатысып, өнер көрсетті.

Фестиваль-байқау облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекованың құттықтау сөзімен ашылды. Ән сынағы басталар алдында майдан лагеріндегі жауынгерлердің елден хат-хабар тосып, сағыныштарын арқау еткен сахналық шағын қойылым көрсетілді. Одан әрі ақ кимешекті өнерпаз әжелеріміз сахнаға көтерілді. Байқауда бақ сынаған әр ансамбль ережеге сәйкес соғыс жылдарындағы бір әнді және бір халық әнін орындауға тиіс болды. Сынақты алғашқы болып Сәтбаев қаласындағы Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының «Ақ әжелер» ансамблі бастады. Әжелердің өнерін кәсіби хормейстер, «Көркемөнерге сіңірген еңбегі үшін» алтын медалінің және «Құрмет» орденінің иегері Жақсылық Шоқтаев төрағалық жасаған қазылар алқасы бағалады. Әжелер Т. Әбілхатинның «Соғыстан қайтқан солдаттар», Н. Тілендиевтің «Мен сендерді іздеймін», М. Төлебаевтың «Кестелі орамал», А. Лекеровтің «Катюша» сияқты бүгінде сирек айтылатын әндерін орындады.

Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын Ұлытау ауданының «Асыл әже» ансамбліне беріліп, 300 мың теңге ақшалай сыйлық сертификаты мен фестиваль дипломы табысталды. Екінші орын 200 мың теңгелік сыйлығымен Жаңаарқа ауданының «Асыл қазына» ансамбліне, үшінші орын 150 мың теңгелік сертификатымен Жезқазған қаласының «Ақ әжелер» ансамбліне бұйырды. Жәйрем кентінің «Асыл әже, ғасыр әже», Сәтбаев қаласының «Ақ әжелер», Кеңгір ауылының «Өркен», Талап ауылының «Мейірім» ансамбльдері ынталандыру сыйлығы ретінде 85 мың теңгенің сертификаттарына ие болып, дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

Фестиваль барысында жастардың «Гүл-гүлдәурен» ансамблі «Катюша» биімен сахнаны жандандырып, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Серік Оспан майдан даласын еске түсіретін «Жас қазақ», «Дариға сол қыз» әндерін әуелетсе, филармония әншісі Гүлдәурен Жидебаева «Көкшіл орамал», «Өмір ағын» әндерін орындап тыңдармандарды риза етті. Фойеде «Атадан қалған асыл мұра» көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық қолөнер бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылды.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру