Өндірісті өлкенің даңқын зілтемір көтеруден асқақтатып жүрген Жезқазған байыту фабрикасының еңбеккері Айнұр Шәріпова кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Ол NPA федерациясының чемпионатында қос бірдей алтын ұтып алды. Зілтемір көтеруден рекордтық көрсеткішке ие болып жүрген Айнұр солайша өзін алтынға лайықты екендігін бұл жолы да дәлелдеді.
Оның үстіне зілтемірші NPA федерациясына тапсырған емтиханынан сүрінбей өтіп, федерацияның аймақтық коллегиясының судьясы атанды.
– Спортқа бел буғасын үнемі ізденісте болғанды қалаймын. Тұрақты дайындық, жарыстар менің тынысымды ашып, алға қарай ұмтылдырады. Спортты таңдағандағы мақсатым зілтемір көтеруден жоғары нәтижеге қол жеткізу болатын. Міне, сол қадамдарымды байыппен жасап келемін, – дейді батыл да батыр қыз.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.