Бейсенбі, 19 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Уақыт уыты

Аймақ мәселесіне сенатор үн қосты

15.04.2022
- Уақыт уыты
0
Аймақ мәселесіне сенатор үн қосты
75
БӨЛІСТІ
208
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Биылғы жылдың 11 ақпанында газетімізде «Стратегиялық нысан неге мемлекет меншігінде емес?» деген проблемалық мақала жарияланған болатын. Онда қаланы сумен жабдықтап отырған негізгі тіршілік көзі – Кеңгір су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылымдар кешенінің ҚР Су кодексі мен тиісті нормативтік заң актілерінің талаптарына сай дұрыс пайдаланылмай отырғаны және ауылшаруашылығын дамытып, жергілікті азық-түлік қорын жасау мақсатында іске қосылған Жезді су қоймасының қазіргі аянышты жағдайы туралы мәселе көтерілген еді. Сондай-ақ, қаланы сапалы
жерасты суымен қамтамасыз етудің де көптен шешілмей келе жатқаны қозғалған-тын. Газет көтерген осы мәселелерге үн қосқан Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров кезекті палата мәжілісінің отырысында Жезқазған қаласы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын көтеріп, бұл жөнінде ҚР Премьер-министріне депутаттық сауал жолдады.

Парламент палатасының отырысында мәселе көтерген депутат жезқазғандықтардың негізгі тұтынып отырған ауыз суының көзі – ашық Кеңгір су қоймасы екенін атап өтіп, ол нысанның әлі күнге дейін жекеменшіктің қолында екеніне тоқталды. Су қоймасы Заң бойынша мемлекет иелігінде болуы керек.

– Үкіметтің 1996 жылғы қаулысы бойынша Кеңгір су қоймасы жекеменшіктен қайтарылып, мемлекеттің басқаруына берілуі керек еді. Бірақ, әртүрлі сылтаулармен бұл міндет орындалмай қалды. Осылайша содан бергі кезеңде стратегиялық маңызы зор нысан Қазақстан Республикасы Су кодексінің және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның талаптарына сәйкес жекеменшіктің қолынан мемлекет балансына қайтарылмады. Қазіргі таңда белгілі болып отырғандай, Кеңгір су қоймасы гидротехникалық құрылымдарымен қоса «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС-інің қолында болуы қалай?, – деп депутат Р.Әбдікеров өз ренішін білдірді.

Сенатор сонымен қоса, Жезді су қоймасына қатысты проблеманы да ортаға салды. Бұл құрылым Жезқазған мен Сәтбаев қалалары тұрғындарын көкөніспен және ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпалын тигізу мақсатында салынғантын. 2011 жылғы қабылданған Үкіметтің қаулысында Талап суармалы жүйесінің каналымен бірге Жезді су қоймасын қайта жаңғырту қарастырылған болатын. Сенатор атап айтқандай, аймақ үшін маңызды жоба, өкінішке орай қағаз жүзінде қалып қойды.

Сондай-ақ оқыңыз

Құмарлық қақпаны

Құмарлық қақпаны

06.12.2024
Мақсат –экология мүддесі

Мақсат –экология мүддесі

19.04.2024

Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров Үкімет мүшелеріне қаратып айтылған сөзін түйіндей келіп: «Кеңгір және Жезді су қоймаларының статусы заңға сәйкес қашан реттеледі? Үкіметтің жоспарында Жезқазған қаласын толықтай жерасты суымен қамтамасыз ету мәселесін шешу қарастырылған ба? Мемлекет басшысының өткен жылғы қазан айында «қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді Үкімет әкімдікпен және корпорациямен бірлесіп қысқа мерзім ішінде, әрі кеткенде бір жарым жыл ішінде шешуі керек» деген тапсырмасы қай мерзімде орындалады? Осы сауалдарға жауап берулеріңізді сұраймын» – деді.

Жуырда Рысқали Қалиакпарұлының өзімен хабарласып, Үкімет назарына ұсынылған депутаттық сауалының нәтижесі туралы сұраған едік. Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолданған депутаттық сауалға әлі ресми жауап келмегенін алға тартқан Сенатор бұл мәселені бақылауда ұстайтынын, жауап келгенде бізге де жіберетінін жеткізді. Иә, қалай дегенмен де, газет бетінде көтерілген аймақ проблемасының жоғарыға жетіп, Парламент төрінен қозғалғаны қуантады. Ал, енді бұл маңызды мәселе бойынша Үкімет не шешімге келер екен?

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

18.06.2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

18.06.2025
Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

18.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру