Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Аймақ басшысы Ұлытау ауданын аралады

29.11.2024
- Шарайна
0
Аймақ басшысы Ұлытау ауданын аралады
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Облыс әкімі Дастан Рыспеков жұмыс сапарымен Ұлытау ауданына барып, аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралады.

Аймақ басшысы алдымен аудан орталығында орнатылған кәріз тазарту қондырғысына атбасын тіреді. Аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша қолға алынған жоба 2022 жылы толығымен аяқталса да, сол жылдың күзінде кәріз тазалағыш ғимараттың екі сорғысы істен шығып, құрылыс нысаны қабылданбай қалған.

Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков аталған нысан жыл соңына дейін аяқталатынын айтты. Әрі қарай аймақ басшысы бастаған топ Өлкетану мұражайына барды. Мұнда ғимарат ауласына ауданның 85 жылдығына демеушілер есебінен қойылған «Домбыра» мүсіні таныстырылды. Биылғы жылы мұражайға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ұлытау селосының Абай көшесінде салынып жатқан 36 пәтерлі үш қабатты тұрғын үй де аймақ басшысының назарын аударды. «Самға» мердігерлік компаниясының өкілдері құрылыс жұмыстарының дені аяқталуға жақын екендігін жеткізді. Желтоқсанның соңына дейін толықтай дайын болатын тұрғын үй 2025 жылдан бастап пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Облыс әкімі бұдан өзге аудан орталығындағы Спорт кешенінде де болды. Ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда спорт кешенінде спорттың 8 түрі бойынша үйірмелер тұрақты жұмыс істеуде. Айта кетейік, ауданда жуырда бассейн кешені жобасы қолға алынбақ.

Сонымен қатар, Дастан Рыспеков құрылысы жүріп жатқан аурухана мен емханадағы жұмыстарды да бақылады. Ауруханада ішкі әрлеу, инженерлік істер және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің Ұлытау ауданына жасаған жұмыс сапары – ауданға қарасты Жезді және Қарсақбай кенттерінде жалғасын тапты.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру