Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Абзал жанды еске алды

15.09.2023
- Әлеумет
0
Абзал жанды еске алды
95
БӨЛІСТІ
264
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қашанда игі бастамаларға арқау болып келе жатқан «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесінің» мүшелері өткен аптада Сәтбаев қаласының Спорттық-сауықтыру кешенінде шахматтан жарыс ұйымдастырды. Ол Сәтбаев қаласының құрметті азаматы, Ұлытаудың асыл перзенті – Cадық Қасымұлы Асатовтың 90 жылдығына арналды.

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы негізінде жастарға аға буынның өмір жолын насихаттап, салиқалы өмір салтын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап келе жатқан «Ардагерлер кеңесі» мүшелері шахмат сайысына негізінен Сәтбаев қаласының жас шахматшыларын шақырды. Зейнеткер кеншілерден екі адам қатысты.

Жарысты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі Сәтбаев филиалының басшысы, қалалық мәслихат депутаты Әбулайс Молақов сөз сөйлеп ашып, Сәтбаев қаласының 50 жылдығы мен осы қаланың қалыптасуы жолындағы Садық Асатовтың үлесі жайлы қысқаша таныстырды.

– Атамыз, әкеміз Садық Асатов ақсақал Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, еңбек жолын кен мастері болып бастап, шахта бастығы, Солтүстік, Батыс Жезқазған кеніштерінің директоры, Жәйрем кен-байыту комбинатының бас директоры қызметін атқарған. Өзінің 55 жас қысқа ғана өмірінде қоғамдық жұмыста болсын, өндірісте болсын артында айрықша із қалдырған адам. Әсіресе, жапан түзде Жәйрем қалашығын көтеруде сіңірген еңбегі орасан зор. Сәкең қазақтың салт-дәстүрін қолдаушы болған адам, кеншілікпен қоса тамаша ақын еді, бірнеше өлең кітаптары жарық көрген. Садық Асатов есімінде Сәтбаев қаласында, Жәйрем кентінде көшелер бар. Сәкең бірнеше орден, медальдармен марапатталған, осындай абзал жанның өмірі сендерге үлгі-өнеге болсын. Алдағы жарыста сендерге толайым табыс тілеймін, – деді Ә. Молақов өз сөзінде.

Сондай-ақ оқыңыз

Бу-га  құрылғысы салынады

Бу-га құрылғысы салынады

14.03.2025
Ұлытау облысында – жаңа әкім

Ұлытау облысында – жаңа әкім

11.10.2024

Іс-шараға Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір, қаланың бас имамы Қондыбай қажы Әкбаров, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, Сәкеңнің інісі – Яхия Асатов және шахматшылар клубының төрағасы, бірнеше буын жас шахматшылар дайындаған тәлімгер – Әзірбек Молдағалиев арнайы шақырылды. Қондыбай қажы Сәкеңнің аруағына құран бағыштады. Қала әкімі Ш. Әубәкір «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» атқарып жатқан іс-шараға үлкен ризашылығын білдіріп, жас шахматшыларға спорттық жарыстарда қаламыздың, еліміздің мәртебесін көтере берулеріне тілек білдірді.

Яхия ақсақал ағасы туралы тебірене сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысын жеткізді, жастарға батасын берді.

Екі күнге созылған бәсекені Ардагерлер кеңесі Сәтбаев филиалының басшысы Әбулайс Молақов қорытындылап, жеңімпаздарды дипломмен марапаттады және ақшалай сыйлық тапсырды. Жарысқа белсене қатысқан ойыншылар да сый-сыйапаттан құр қалған жоқ.

Жәми Тұрсынбаев,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру