2000 жылдың бас кезінде «Қазақмыс» корпорациясының тарапынан қолдау тауып, қайта жанданған кен орындарының қатарында Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданына қарасты «Абыз» кеніші де бар. Бұл кеніштің пайдалы қазбасы ХХ ғасырдың 60-жылдарында игеріле бастаған.
«Қазақмыс» кейіннен аталған кен орнының екінші тынысын ашып, кен өндіру көлемін ұлғайтты. Алтын-мыс кен орны саналатын кеніштің қайта құрылымдалып, кен өндіргеніне биыл 20 жыл толды. Осынау оқиғаға орай салтанатты жиын өтті. Оған «Қарағандытүстімет» ӨБ, Қарағайлы кентінің басшылығы қатысты. Қарағайлы кентінің тамырына қан жүгіртіп тұрған кеніштің өндірісті өрістетудегі әлеуетін жақсартудағы «Қазақмыс» компаниясының рөлі маңызды.
Жиында «Абыз» кенішінің дамуына үлес қосқан, кен өндіруде оң нәтижеге жеткен бір топ еңбек озатына корпорация басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы тарапынан марапаттар тапсырылды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.