Сәрсенбі, 16 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Абыройлы азамат

02.02.2024
- Еңбек адамы
0
Абыройлы азамат
80
БӨЛІСТІ
223
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жеті қат жер астында түрлі мамандық иелері кен өндірісіне үлес қосады. Кенші бұрғылаған кеннің діттеген жеріне дін аман жетуіне шахтадағы жолдың талап бойынша сапалы болуын қадағалап, реттеп отыратын кәсіп иелерінің еңбегі зор. Осы салаға 43 жыл ғұмырын арнаған біздің кейіпкеріміз шыңыраудағы өткерген өмірінің қиын да қызықты сәттерін ұмытқан емес. Алпыс үш жасқа толып, зейнеткер атанған Сәрсенбек Кенжеғұловты «Батыс» кеніші № 73 шахтаның ұжымы нағыз қол еңбегінің адамы деп таниды.

Металлургияның қарашаңырағы Қарсақбайда өмір есігін ашқан Сәрсенбек Өтеуліұлының өмірі шахтаның қым-қуыт тірлігімен астасты. Сәтбаев қаласындағы тау-кен училищесін оқи жүріп, сол кездегі алыптың бірі Оңтүстік Жезқазған кеніші № 65 шахтаға тәжірибе алмасуға шыңырауға түсті. 1979 жылдан басталған еңбек жолы әскери міндетін өтеп келген соң Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінде жалғасты. Мұнда 20 жыл еңбек етті. Кейінгі 23 жылы «Батыс» кенішінде өтті.

– Шахтапроходкалау тресіндегі 20 жылымды шыңдалудың мектебі деп білемін. Бұл ұжымда өндірістің қыр-сырына қаныққан тәжірибелі мамандар еңбек етті. Ғазиз Омарұлының өзі бір мектеп болатын. Ол кісінің жұмысшыларға деген көңілі ерекше еді. Кез келген жағдайда көмек қолын созып, демеп отыратын. Ол кісінің еңбек адамына деген қамқорлығы ерекше еді. Аңыз тұлғамен бір сапта жүріп, еңбек ету бақыты бұйырды. Бұл мен үшін үлкен абырой. Трестің бірінші басқармасында Александр Тутошов деген азамат басшылықта болды. Оның да қарамағындағы жұмысшыларға деген көзқарасына қатар еңбек еткендер тәнтіміз.

Трестің тізігін ұстап отырса да қарапайымдылығынан танбады. Біздің бригада осы төңіректегі барлық шахтаны қамтыды. Жолын жөндеп, реттеуде жолшылардың, электриктердің қызметі ерекше болды.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

Жер асты техникасына арналған жол салу – өндірістің негізгі тірегі саналады. Кен тиейтін, тасымалдайтын алып техникалардың қозғалысы талапқа сай болуы үшін әр ауысымда жауапкершілікпен қараймыз. Кейінгі толқын жастарды да соған баулыдық. Өзіммен қатар еңбек еткен Нұрымхан Ахметов, кейінгі толқындардан Амангелді Салықбай, Асылжан Нұрсағатов сынды азаматтар қазір осы саланың майталмандарына айналды.

Қырық үш жылым шыңырауда өтті. Оған әсте өкінішім жоқ. Таңдап алған кәсіптен бақыт таптым. Ұрпақ өсіріп, солардың қызығын көру нәсіп болды. Еңбекпен шыңдалып, осындай дәрежеге жеттім. Осындай бақыт бұйыртқан ол – еңбектің арқасы деп білемін, – деп әңгімесін түйіндеді Сәрсенбек Өтеуліұлы.

Еңбекпен абырой жиған азаматтың кен өндірісіне қосқан үлесі бағалаусыз қалмады. 2022 жылы «Еңбек ардагері» медалін омырауына тақты. Бастысы, Сәрсенбек Кенжеғұлов ғұмырының 43 жылын сарп еткен мамандыққа адалдықпен зейнеткерлік жасқа жетті. Жақында Сәрсенбек Өтеуліұлын «Батыс» кенішінің басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы құрметтеп, зейнет жасына шығарып салды. Кейіпкеріміздің өндірістегі еңбекқорлығы мен кәсібіне деген адалдығына алғыс айтылып, лебіздер толассыз ақтарылды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру