Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Биіктікті бағындырған Алмагүл

06.06.2025
- Жаңалықтар
0
Биіктікті бағындырған Алмагүл

Алмагүл Тыныштықбайқызы

72
БӨЛІСТІ
199
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтату мақсатымен биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны мәлім. Осыған орай, қайсарлықты, төзімділікті, жауапкершілікті талап ететін және әйел заты тұрмақ ер адам да көндіге бермейтін мамандық иесі Алмагүл Жақсылықова жайлы айтпақшымыз. III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері – отыз жыл бойы он метр биіктікте отырып, тонналап шахта жабдықтарын көтеріп жүрген аспалы кран машинисі.

Алмагүлдің әр жұмыс күні осындай биіктікті бағындырудан басталады. Отыз жылдың ішінде кәсіпорын атауы екі-үш дүркін өзгеріп, қазір «Қазақмыс» Мэйнтенанс Сервизис ЖШС-тің тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу зауыты деп аталады.Ал, бір орында маңдай терін төккен Алмагүл Тыныштықбайқызының еңбек кітапшасында «құрастыру цехының төртінші разрядты аспалы кран машинисі» деген бір ғана жазу бар. Еңбек кітапшасына жазылғаны бар, жазылмағаны бар, басшылар тарапынан алған марапаттары жетерлік. Өткен жылғы Кеншілер мерекесінде Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Иә, ауысыммен жұмысқа бару, отбасының жағдайын жасау, бала тәрбиелеу еңбеккер анаға оңайға соқпайтыны анық. Дегенмен, Алмагүл жүрек қалауымен таңдаған мамандығына еш өкінбейді. Әр күннің жұмыс жоспарын тиянақты орындағаннан кейін шаршағанын да ұмытып кетеді.Еңбек ләззаты күш-қуат беретіндей. Жұмыс киімін ауыстырып, тілеуін тілеген жарына, балаларына, сүйікті немересіне асығады. Оның бойындағы тиянақтылық, жауапкершілік бала кезден, анасының тәрбиесінен қалыптасты. Еңбексүйгіш, тиянақты қыз анасының тапсырмасын асықпай, тыңғылықты орындайтын. Сол қасиет өзінің серігіне айналды.

Ол бір кездері ел үй салып, қоныстануды армандаған, қазір еске алып қана қоятын кенді аймақтың «4 км» деген елді мекенінде туып өсті. Әкесі Тыныштықбай Оңтүстік Жезқазған кенішінде бас маркшейдер қызметін атқарумен қатар партия ұйымының жетекшісі болса, анасы Жүмакүл 18 жыл поселкелік кеңесте қызмет етті. Кейін отбасы жағдайына орай, кен алған жерді толтыратын өндірісте еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Ата-анасы қызметін кен орнымен байланыстырса, Алмагүлдің жүрегі ерекше мамандық кран машинисі болуды қалады. Весовая елді мекеніндегі № 10 мектепті аяқтаған соң Жезқазған қаласындағы № 9 жоғары кәсіптік-техникалық колледжде (ол кезде кәсіптік-техникалық училище деп аталатын) оқып, кран машинисі мамандығы бойынша диплом алып шықты.

Сұңғақ бойлы талдырмаш қызды құрбылары «бойың ұзын, краншы болуға лайықтысың» деп әзілдейтін. Әзіл шындыққа айналып, 1995 жылдың маусым айында Сәтбаев қаласындағы Тау-кен шахта жабдықтарын жөндейтін зауытқа жұмысқа тұрды. Әрине, өндіріс басшылары өрімдей жас қызды келген бетте биік кранға шығара қойған жоқ. Атқарар қызметінің жай-жапсарын түсіндірді, үйретушіні белгіледі. Зерек, алғыр жас аспалы кран машинасын тез игеріп алды. Алмагүлдің қайсарлығына, жігерлілігіне сенген басшылар оған оннан отыз тоннаға дейін тау-кен жабдығын көтеретін аспалы кран машинасын сеніп тапсырды. Одан бері отыз жыл уақыт өтіпті.

Сондай-ақ оқыңыз

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025

Алмагүл Тыныштықбайқызының жары ұлытаулық азамат Жанат Қанатұлы Меңдібаев – кенші, еңбек озаты, III дәрежелі «Кенші даңқы», «Кәсіподақтың құрметті қайраткері», «Brigadirler kenesi» төсбелгілерінің иегері. Адал еңбектерімен абыройға, сый-құрметке бөленген олар төрт бала тәрбиелеп, немере сүйіп отырған өнегелі отбасы.

Сағынкүл ЖАНТУРИНА.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру