Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Түлектердің кездесуі

30.05.2025
- Жаңалықтар
0
Түлектердің кездесуі

Әлирахман Стамқұлов атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеті

66
БӨЛІСТІ
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жарты ғасыр! Ердің жасына өлшем болған елеулі 50 жыл! Бұл – біздің мектеп бітіргеннен кейінгі өткен өміріміздің, кешегі керемет кездесуіміздің куәсі!

Бұған дейін 10, 20, 30, 40 жылдық кездесуге қатыспадым. Себеп біреу: оның ауылда емес, қалада мейрамханада өткені. Айтпақшы, 40 жылдықта: «Мектеп маңайына 40 түп көшет отырғызайық. Биыл ауылда кездесейік» дегенде, ешкім қолдай қоймады.

Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжемұрат Бимағамбетовке арналған бұрыш

50 жылдыққа дайындықты кештеу бастадық. Ешкім үндей қоймаған соң, өзімше бағдарлама жасап, ақпанның алғашқы аптасында кластастардың тобына тастадым. Қатарымыз сирей бастағасын ба, әлде олар да терең ойдың құшағында жүрді ме, бұл жолы Қазақстанның түкпір-түкпіріне тарыдай шашылып кеткен құрбы-құрдас белсенділік байқатты. Әрине, көпшілік болғасын, әртүрлі пікір айтылады. Алайда, ол – қазір маңызды емес!

Екі жарым айға жетер-жетпесте етек-жеңді жинап, дайындықты абыроймен аяқтадық. Бизнесмен Болат Әбіқалықов автокөлік мәселесін алғашқы күні-ақ шешіп тастады. Алматыда арнайы тапсырыспен жасатқан пән кабинетін Соңғы қоңырауға бір ай қалғанда жеткізіп алып, көңілді бір демдедік.

Бағдарламаны бастапқысынан да байытып, осындай кездесу өткізу үшін табандылық танытқан кластастарыма мың алғыс! Олар: Қанат Әбілов, Гүлназия Байұлова, Өмірбек Кенжахметов, Тамара Халықова, Сембай Ахметов, Әлімғазы Жүгінісов, Әнуар Бірімжанов. Бастысы – кездесу кезінде еңсеміз жоғары, жүзіміз жарқын жүрді. Ауылдастардың аңқылдаған ақжайлау көңілін көріп, жүрек жылуын сезіндік.

Сондай-ақ оқыңыз

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025

«Байқоңырды» бауыр басып, жылы орнын суытпай өсіп-өнген, ауылдың алға ұстар ақсақалы мен ақ жаулықты анасына айналған Бақыткүл Жәкетаева мен зайыбы Әлімжан, Мәлік Бірмағанбетов пен бар саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған жұбайы, ұлағатты ұстаз Гүлсім, ойдан-қырдан келген бала-шағасы тік тұрып қызмет көрсетті. Олардың шырайлы шаңырағын екі күн ен жайлап, еркін аунап-қунадық.

Алғашқысының алты қанат ақшаңқан киіз үйінде ауыл ақсақалдарының басын қосып, бақилық болған ұстаздарымыз бен кластастарымызды еске түсіріп, құдайы аста рухтарына құран бағыштадық. Кейінгісі кешкілік кластастарға арнап арнайы қонақасы берді. Өткен-кеткенді еске алып, бір жырғап қалдық.

Ертеңіне әсем әннің ырғағына тербетіліп ояндық. Ауылдастармен бірге мектепке қарай ағылдық. Соңғы қоңырау салтанатында жиналған жамиғатты аудандық спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қанат Мирас, ауыл әкімі Шәріп Бекетов, мектеп директоры Ерден Қасымов қызу құттықтады. Тек аудандық білім бөлімінің басшысы Бағдат Әбдірайымовтың бұдан бірнеше ай бұрын берген уәдесінде тұрмай, сан-сапалақ сылтау айтып келмей қалғаны қабаққа сәл-пәл кірбің түсірді. Алайда, ауылдастардың ақжарма көңілі мен адал пейілі оның бар-жоғын ұмыттырып жіберді.

Ауданның «Үздік мектебі» атанған № 17 Байқоңыр орта мектебі, оқушыларының түрлі деңгейдегі байқауда жеткен жетістігі жайлы жағымды жаңалық естісек, мәз болып қалатын – әдетіміз. Биыл мектеп директоры Ерден Қасымов пен оның орынбасары Гүлсім Насыритдинова ауданда үздіктер көшін бастағанын білгенде қатты риза болдық.

Соңғы қоңырауда түрлі деңгейдегі байқау жеңімпаздары мен үздік оқушыларға Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табысталды. Бексұлтан Сламғали (50 000 теңге), Аңсаған Болат (30 000), Іңкәр Нұрғамыс (20 000) – Әлирахман Стамқұлов атындағы, Еңлік Қордабай (40 000) – Кенжемұрат Бимағамбетов атындағы, Ботакөз Бекбол (30 000) Үміткүл Кенжемұратқызы атындағы арнайы шәкіртақыға ие болды. Кейінгі екі шәкіртақы үш жылдан бері беріліп келеді екен. Әлирахман мұғалімнің ұрпағы да бұл игі іс келешекте жалғасын табатынын жеткізді.

Соңғы соңырау Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетін ашу салтанатына ұласты. Заманауи кабинетке Әлирахман Стамқұловтың есімін беру жөніндегі ұсынысымызды бір ауыздан қолдаған мектеп ұстаздарына рахмет! Осы мектепке ұзақ жыл басшылық жасаған Бекіш Күзеков атындағы мұражайдан Ұлы Отан соғысының ардагері, қолымызға алғаш қағаз-қалам ұстатып, сауатымызды ашқан ұстазымыз Кенжемұрат Бимағанбетовке арнап ұйымдастырған «Майдангер мұғалім мәңгі есте» атты бұрышымыз да көпшілік көңілінен шықты.

Әлирахман мұғалімнің балалары «Кәусар» кафесінде дастарқан жайып, құдайы ас берді. Небір естен кетпес есті естелік айтылды.

Кешкілік Әлімжан мен Бақыткүлдің қонақжай дастарқанында бас қосып, тарқастық…

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру