Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Майдандағы Мақшиевтар

23.05.2025
- Жаңалықтар
0
Майдандағы Мақшиевтар

Суретте: майдангер Бөлекбай МАҚШИЕВ.

66
БӨЛІСТІ
184
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Екінші Дүниежүзілік соғыстың өрті талай шаңыраққа қайғы-қасірет әкеліп, қаншама отбасы асқар тау әкесінен, бауыр еті баласынан айырылғаны белгілі. Бір үйдің бірнеше боздағы ата-анасын аңыратып майдан даласынан оралмай қалған жағдай аз болған жоқ. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында олардың есімдерін еске алып, тағзым білдіру де қастерлі парыз.

Жаңаарқа аудандық әскери комиссариатынан бір отбасынан ағайынды Төкіжан, Аманбай, Бөлекбай Мақшиевтардың үшеуі майданға аттанған еді. Сұрапыл соғыстан солардың ішінен Бөлекбай ғана аман-сау келіп, екі ағасы оралмады. Бұл отбасының 1911 жылы туған үлкені Төкіжан соғыс қарсаңында Свердловскіде тұрып, әскери қызметте болған. Саяси бөлім штабында қызмет істеген. Ол 1942 жылы соғысқа аттанғанда артында жұбайы мен Света, Раиса есімді екі бүлдіршін қызы қалған екен. Алғашқы уақытта хат-хабар жазып тұрған майдангерден кейіннен еш хабар болмай қалыпты. Кейіннен хабар-ошарсыз кетті дегеннен басқа нақты дерек ала алмаған Ақылсара шешей бертінге дейін Төкіжан тірі шығар деп, өлдіге қимай жүрді. Ол кісі осылайша ойлаумен жүріп 88 жасында өмірден өтті. Майдангердің нақты дерегі «Еске алу кітабы» мен еріктілердің іздеуі арқылы кейінгі жылдарда ғана белгілі болған.

Ефрейтор Мақшиев Төкіжан Солтүстік-Батыс майданындағы 279-минометшілер полкы сапында соғысқаны туралы Ресей федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіндегі қорда құжаты сақталған. Полк командирі подполковник Шарконың 1943 жылғы 4 қарашадағы бұйрығымен «Ерлігі үшін» медаліне ұсынылып, Жарлық бойынша «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Командир бұйрығында келтірілген сипаттамада Т. Мақшиевтың минометпен атуды шебер меңгеріп, ұрыстарда дәлдеп шабуылдайтыны, өз расчетындағы жауынгерлерді де соған дайындайтыны, сондай-ақ орысша білмейтін жауынгерлерді әскери іске баулуда да көп еңбек сіңіріп жүргені жазылыпты. Архив құжатындағы дерек бойынша Төкіжан 1944 жылдың 27 сәуірінде Украинаның Волынь облысы Ковель ауданындағы ұрыстарда хабарсыз кеткен. Кейіннен майдангер туралы деректерді іздестіру барысында белгілі болғандай, Польшадағы Ландсберг елді мекеніндегі госпитальда ауыр жарақат салдарынан 1945 жылы 20 ақпанда қайтыс болғаны анықталды. Осы елдегі көне қала Лидзбарк-Варминьскдегі Варминьск-Мазур аймағында (воеводство) жерленген.

Ал, 1913 жылы туған Аманбай Мақшиев әскер қатарына 1939 жылы қазан айында алынып, соғысқа аға сержант дәрежесінде кіреді. Содан 1941 жылдың қыркүйек айында хабарсыз кеткен дегеннен басқа дерек әзірше жоқ көрінеді.

Майданға ағаларынан кейін аттанған Бөлекбай бір рет жараланып, екінші рет контузия алғанымен ұрыс даласынан шеттемей, соғыстың аяғына дейін болып, жеңісті қарсы алған соң елге оралады. Ол І Белорусь майданындағы Қызыл тулы Суворов орденді танк полкында автоматшы болып соғысады. Соғыстың алғашқы жылында неміс әскерлері Балтық жағалауымен қатар Молдавияны, Украинаны және Белоруссияны басып алғандықтан Кеңес армиясы 1944 жылдың басында жаппай шабуылға шығып, басып алған жерлерін жаудан тазарта бастайды. Бөлекбай Мақшиев осы кескілескен ұрыстардың белортасында болды. Одан әрі Румыния, Польша, Чехословакия, Венгрияны азат ету жолындағы жорықтарға қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025

Висло-Одер, Зееловск-Берлин операциялары кезінде Бөкең ерлігімен ерекшеленіп, көзге түсті. Бұл жөнінде Суворов орденді ауыр танк полкы 34-бөлімшесінің командирі, гвардия подполковнигі Ивановтың қол қойған марапаттау парақшасында: «Зееловск биігіндегі тірек пунктінің Хатанов ауданындағы Одер өзенінің батыс жағалауындағы плацдармды кеңейту кезіндегі ұрыста автоматшылар бөлімшесі құрамындағы жолдас Мақшиев дұшпандардың траншеясына бірінші болып кіріп, гитлершілермен аянбай шайқасып 15 солдаты мен офицерінің көзін жойды. Сонымен қоса қарсыластардың 24 солдатын тұтқынға алып, біздің танкілердің алға жылжуына жол ашып берді. Ұрыста гвардия жауынгері Мақшиев батыл әрі шешімтал. Төзімділік, батылдық пен ерлік көрсетуіне орай ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапаттауға лайықты», – деп жазыпты. Жоғары басшылықтың бекітуіне жіберілген осы ұсынысқа І Белорусь майданындағы сегізінші гвардия Армиясының броньды танк және механикаландырылған әскерінің қолбасшысы гвардия генерал-майоры Матвей Вайнруб 1945 жылдың 15 мамырында қол қойыпты. Осы құжаттар және «Даңқ» орденімен марапаттау туралы 8-Армияның 2-бөлімшесі кадрлар бөлімі бастығының 1945 жылғы 9 маусымда шығарған № 712 бұйрығының көшірмесі Орталық архивте сақталған. Бұл кісі ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен 1945 жылы марапатталса, мұның алдында 1944 жылы 22 шілдеде «Ерлігі үшін» медалімен марапатталыпты. Бұл ерлігі жөнінде қызы Гүлзада Бөлекбайқызы әкесінен естіген мына әңгімені еске алады.

– Автоматшылар тобында болған папам алғы шепте жүріп жау әскерінің қолына түсіп қалады. Олар «тіл» алу ниетімен әртүрлі сауалдар қойғанда әкей немісше жауап беріпті. Орташа деңгейде болса да ептеп немісше білетіні бартын. Өз тілінде сөйлегенге олардың іші жылып қалады. Содан кешке қарай дәретханаға сұранып, қапысын тауып қашып шығыпты. Аман-сау өз полкына келіп, командирге жаудың орналасқан жері мен өзі байқаған жағдайлар туралы айтады. Сол деректерді негізге алған бұлардың бөлімшесі жау әскеріне шабуыл ұйымдастырып, сәтті соққы береді. Соған орай әкемізді «Ерлігі үшін» медаліне ұсынады, – дейді әкесінің майдан оқиғасы туралы айтқанын еске алып.

Бөлекбай Мақшиевтың кеудесінде мұнымен қоса «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары жарқырайтын. Соғыстан кейін ол отбасымен Жезқазғанға келеді. Бұл жерде 1949 жылдан бастап 1956 жылға дейін «Степлагтың» комендатурасында қызмет істейді. Қазақша, орысша екі тілде өте сауатты жазады екен. Соған орай лагерь жабылғаннан кейін Жаңаарқаға қоныс аударғанда АХАЖ бөлімі қызметке шақырыпты. Сонымен қоса ескі көздердің айтуынша, Бөкең көзі тірісінде зәбір көріп, запа шеккендерге жәрдем жасап, жоғары жаққа арыздарын жазып беріп, әділдікке жетулеріне көп көмегі тиіпті. «Бөкеңнің жазғаны нысанасынан мүлт кетпеуші еді» – дейді ол кісінің көзін көрген қариялар. Тиісті орындарға құжаттарын жолдап, соғыс ардагерлерінің заң аясында көлік алуларына да ықпалын тигізіпті.

Қан майданда екі ағасынан айрылған майдангердің бейбіт өмірдегі өмірі осылайша өріліп, 50 жастың ортасына жетпей 1972 жылы
қайтыс болды. Артында қалған Гүлзада, Жұмакүл, Азамат есімді балаларынан қалған ұрпақтары бар. Өркен жайып, өсіп келе жатқан немере, шөберелері «біздің атамыз майдангер» деп, әрдайым орынды мақтан етіп жүреді. Соғыс ардагері Бөлекбай атаның біраз құжаттары бүгінде Жаңаарқадағы О. Жұмабеков атындағы мектептің музейінде сақтаулы тұр.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру