Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
- Жаңалықтар
0
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі
67
БӨЛІСТІ
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

ҚР Қаржы министрлігі тың цифрлы қызметті – «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» жобасын (КБЖК) қолға алған болатын. Қазір еліміздің кәсіпкерлері министрліктің ЭШФ, БСП, Кеден, ҚЕД, E-Qazyna-тізім, СӘАЖ және Qoldau сынды көптеген ақпарат жүйесімен жұмыс істеп келеді. Бұл жүйелердің әрқайсысында жоғары мамандандырылған қызметтер жолға қойылған. Алайда олардың бар екені жайлы және мүмкіндіктері туралы барлығы бірдей білмейді. «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» (КБЖК) жобасы аталған жүйелердің барлығын біріктіріп, бірыңғай платформа түрінде қызмет көрсетуге арналған.

Осы арқылы кәсіпкерлер барлық негізгі мемлекеттік әрі квазимемлекеттік платформаларға қол жеткізіп пайдалана алады. Бұл қажетті процестерді айтарлықтай жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге септеседі.

Бірыңғай жеке кабинетті енгізу ұлттық цифрлы трансформация аясында жүзеге асырылып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың бір бөлігі болып саналады. Бұл мемлекет пен бизнестің арасындағы іс-қимылдың жаңа мәдениетін қалыптастыруға жасалған қадам.

КБЖК кәсіпкерді тіркеуден бастап салық жеңілдіктерін алу мен сатып алуға қатысуға дейінгі іскерлік процестің барлық циклін қамтиды. Аталған кабинеттің көмегімен салық есептілігін беруге, артық төлемді қайтаруға, төлемдерді нақтылауға, салық режімін өзгертуге және бюджетпен есеп айырысуларды бақылауға болады. Яғни, барлығын электронды форматта мемлекеттік органдарға бармай-ақ іске асыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыз

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025

Сондай-ақ қолданушылардың жайлы қызмет алуына ерекше назар аударылып отыр. Осыған байланысты баршаға түсінікті болатындай платформаның интуитивті дизайны таңдалып, ол барлық қажетті сынақ пен тексерістен өткізілді.

Қызмет көрсету сапасын бұдан да күшейту үшін веб-нұсқаның барлық функционалын сақтайтын мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Ол App Store және Play Market-те қолжетімді болады. Осы арқылы қолданушылар қажетті қызметті еліміздің кез келген жерінен тәулік бойы ала алады.

Бүгінде жоба даму сатысында тұр, содай-ақ сыртқы платформалармен интеграция аяқталып, интерфейсті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті отандық бизнестің қажеттіліктеріне бағдарланған және мемлекетпен ашық, қолжетімді және заманауи түрде өзара байланысты қалыптастыруға арналған тиімді цифрлы инфрақұрылымды құрудағы маңызды кезең болып саналады.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру