Ақ басты Алатау етегіндегі Алматы шаһарында 28-29 сәуірде Қазақстан Жазушылар одағының дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысы өтті.
Ел қаламгерлерінің басын қосқан осы алқалы жиыннан сүйінші хабар жетті. Аймақ журналистикасында жартығасырлық тәжірибесі бар Қазақстанның Құрметті журналисі, әріптесіміз Әлібек Әбдірашев пен облысымыздың дарабоз ақыны Абай Ораз Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды.
Бірі қаламы қарымды журналист ретінде, бірі ақындығымен ел құрметіне бөленген қос су жаңа Жазушылар одағының мүшелеріне шығармашылық табыс, қаламдарына қуат тілейміз!
Өз тілшіміз.