Сейсенбі, 22 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Нәзіктік пен батылдықты ұштастырған

18.03.2022
- Жаңалықтар
0
Нәзіктік пен батылдықты ұштастырған
81
БӨЛІСТІ
224
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Балқаш мыс қорыту зауытындағы металлургиялық пештерді жөндеу ұжымының үшінші санатты кран жүргізушісі, 22 жылын осы салаға арнаған Светлана Сергеевна Темешеваға осы бір теңеу бекер айтылмаса керек. Заты нәзік болса да Светлана Темешова батыл әрекеттерімен көзге түсіп жүр.

Ол 1977 жылы 23 ақпанда Жезқазған облысы Ақадыр поселкесінде дүниеге келген. Ата-анасының жұмыс бабына байланысты Балқаш қаласына қоныс аударған. 1984 жылы №5 Дзержинский атындағы мектепті тәмамдаған соң 1992 кран жүргізушісі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1995 жылыбітіріп шығады. Сол жылы шілде айында жөндеу, механикаландыру зауытына жұмысқа орналасады. Ол жерде 5 жыл еңбек етіп, мамандығының қыр-сырына қанығып, ұшталған соң, 2000 жылы алып зауытқа, оның ішінде металлургиялық пештерді жөндеу ұжымына жұмысқа тұрды. Мамандығына қызығушылықпен қарайтын қайнаған пештің жанында жүрген Светланаға жауапты іс жүктеледі. Аса қуатты температурада қайнаған мыс балқыту пеші қысымға шыдас бермей, опырыла құлайды. Құлаған пешті қалайтын оттөзімдеушілерге қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, ауыр жүктерді беру кран жүргізушісінің негізгі міндеті. Металлургиялық пештерді жөндеу ұжымында, ұзындығы 9 қабатты үймен қатарлас, салмағы 5 тонна кранды басқарған Светлана Сергеевна № 5 ауысымда еңбек етеді. Еңбектері еленіп бірнеше мақтау қағаздары және де мықты кран жүргізушісі деген атағы тағы бар.

– Жұмыстың жеңілі жоқ, бірақ металлургияда тер төккендердің еңбектерін ерекше бағалаймын. Өндірісте батылдық пен өз ісіңе деген жауапкершілік маңызды. Басты ұстаным – қауіпсіздік. Оны ескермей болмайды, – дейді Светлана. С. Темешова «КәсіпҚорған» кәсіподағының белсенді мүшесі. Ол кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылатын түрлі шараларда көзге түсіп жүр. Цехтағы кәсіподақтың төрағасы БіржанСмаховтың айтуынша, кейіпкеріміз өндірісте де қоғамдық өмірде де озаттардың қатарында.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

    143 бөлісті
    Бөлісу 57 Твитерге 36
  • “Шығыстағы” шырайлы шара

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Жаңа спорт алаңы ашылды

    139 бөлісті
    Бөлісу 56 Твитерге 35
  • Облыс әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1657 бөлісті
    Бөлісу 663 Твитерге 414
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру