Осындай ұранды ұстанған «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының ұжымы әр сенбі сайын «таза Қазақстан» республикалық акциясына қолдау білдіріп келеді.
Әсіресе, филиал ғимаратының айналасын қысқы қоқыстан арылтып, талдарды әктеп, айналасын мұнтаздай етіп тазалауда ұжым бір жұдырықтай жұмылып шаруа атқарады.
– Ұжымның ортақ қаламыздың тазалығына деген қамқорлығы өзіміздің ауламыздан басталады. Ғимараттың айналасын жарқыратып қойсақ келгендерге де жағымды. Ендігі сенбіліктерде өзімізге бекітіліп берген аумақта тазалық жұмыстарына атсалысамыз. Қоршаған ортаның тазалығы басты міндет екенін кәсіподақтың Жезқазған филиалының ұжымы естен шығармайды, – дейді аппарат жетекшісі Жанар Салықова.
Өз тілшіміз.