Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жер қойнауын барлаушылар

11.04.2025
- Жаңалықтар
0
Жер қойнауын барлаушылар
68
БӨЛІСТІ
190
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақ даласында іргесін ұлы академик, ұлтымыздан шыққан тұңғыш геолог Қаныш Сәтбаев қалаған геология саласына деген сұраныс жыл сайын артып келеді.  Заманға сай өркен алған геологияға «Қазақмыс» корпорациясы да көңіл бөліп келеді.

Геологиялық кластер қалыптастыру арқылы саланы дамыту бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр.

Жеті қат жер астындағы ен- байлықтың көзін табуда геологтардың еңбегі ұшан-теңіз. Шахта құрылысын жүргізіп, қазба байлыққа жол ашатын Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінде геология мамандары өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.

Сәуірдің алғашқы жексенбісінде Геолог күніне орай трестегі геологиялық бөлімнің қызметкерлерін «КәсіпҚорған» кәсіподағы арнайы құттықтап, ұжымға сый-құрмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025

Трестегі кәсіподақ комитетінің төрағасы Болат Смағұлов Талап Шырынбекұлы басшылық жасайтын геологтардың еңбегіне алғыс білдіріп, Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйақы табыстады.

Геологиялық бөлімде 30-дан аса телім геологы бар. Бас геолог Талап Шырынбекұлы мен өз саласына шынайы берілген мамандардың іскерлігі нәтижелі.

– Кен қорлары бар деп болжанған орындарды ашуда Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің маңызы ерекше. Трестегі ірі құрылым саналатын геолгия бөліміне жүктелетін міндет те ауқымды. Ұжым сол міндетті еңсеру жолында еңбек етуде, – деді бас геолог Талап Шырынбекұлы.

***

Геолог күнінде «Нұрқазған» кенішінің басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті сала қызметкерлерін марапаттады.

Кеніш директоры Мұқан Үңгітбаев сала мамандарын төл мерекелерімен құттықтай келе, еңбектеріне алғысын жеткізді.

– Осыдан 10 жыл бұрын сала мамандарының кәсіби мерекесі бекітілген болатын. Біз кен орындары мен саланың дамуы туралы айтқанда ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевты құрметпен еске аламыз. Инженер-геологтардың еңбегімен еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етіп келе жатқан кен орындары ашылды десек болады.

Геология саласын дамытуға үлес қосып жүрген сіздердің әрқайсыңызға табыс, денсаулық тілеймін, – деді Мұқан Жалғасұлы. Бөлімнің бірнеше маманы кәсіподақ атынан Құрмет грамотасына ие болды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру