Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Қазақмыстың» басқару құрылымындағы өзгерістер

11.04.2025
- Жаңалықтар
0
«Қазақмыстың» басқару құрылымындағы өзгерістер
68
БӨЛІСТІ
188
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы басқару құрылымын ауқымды түрде трансформациялауға және кадрлық реформалауға кірісті. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Жезқазғанда еңбек ұжымдарымен өткен есептік кездесуде мәлімдеді. Онлайн форматтағы жиынға Балқаш, Қарағанды және Шатыркөл-Жайсаң өндірістік алаңдарының қызметкерлері де қатысты.

Өзгеріс басқару тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің мәселелерін жедел шешуге, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелерін реттеуге бағытталған. Сонымен қатар өзгеріс басқарудың барлық деңгейінде ашықтық пен жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Реформа аясында басқарудың екі деңгейі таратылып, «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры және кен-байыту кешенінің бас директоры лауазымдары жойылады.

Сондай-ақ филиалдық жүйе де өзгеріске ұшырайды. Бұл компанияның ішкі коммуникациясын жақсартып, шешім қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025

Өзгеріс нәтижесінде барлық өндірістік кәсіпорындар технологиялық және географиялық қағида бойынша қайта құрылымдалады. Маусым айына дейін компанияның жаңа құрылымында бес дербес өндірістік бөлімше құрылуы тиіс:

  • Нұрқазған тау-кен өндірісі
  • Жезқазған тау-кен өндірісі
  • Қарағайлы тау-кен өндірісі
  • Балқаш тау-кен өндірісі
  • Шатыркөл-Жайсаң тау-кен өндірісі

Әр бөлімшені тәжірибелі басшы басқарады. Оған өндірісті басқару, сатып алу шарттарын жүзеге асыру сонымен қатар қаржы және кадр саясаты мәселелерін жедел шешу өкілеттігі мен бекітілген бюджет беріледі. Басқарудың жаңа жүйесі әрбір бөлімшеге өндірістік, әлеуметтік және еңбек мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.

Жұмыс кездесуі барысында басқарма төрағасы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас директоры Олег Копытовқа атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа жұмыс орнында сәттілік тіледі.

Айта кету керек, компанияда еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімін қайта құрылымдау бойынша ауқымды жұмыс атқарылады. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік жөніндегі директоры Юрий Гуднин де компаниядан кетеді.

Компаниядағы бас директордың функционалы екі блокқа бөлінеді: біріншісі – негізгі өндіріс: кен өндіру, қайта өңдеу, техникалық қызмет көрсету, екіншісі – геология және барлау, қорларды тиімді пайдалану, кен-шикізат базасын толықтыру және компанияның стратегиялық дамуы.

Осылайша Нұрахмет Нуриев басқарма төрағасының екі орынбасарын таныстырды. Өндіріс бойынша Саят Бакиров, ал геология және даму бойынша Ғалым Нұржанов тағайындалды.

Жаңа құрылымды қалыптастыру аясында өндірістік бөлімшелердің бас директорының міндетін атқарушылар тағайындалды:

  • Жезқазған тау-кен өндірісі – Данияр Жаналинов;
  • Шатыркөл-Жайсаң тау-кен өндірісі – Жандос Сматаев;
  • Нұрқазған тау-кен өндірісі – Мұқан Үңгітбаев;
  • Балқаш тау-кен өндірісі – Нұрқанат Ретаев;
  • Қарағайлы тау-кен өндірісі – Қайрат Шалмағамбетов.

Өтпелі кезеңде жаңа құрылымдардың басшылары барлық процесті қайта құрумен, өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюмен және өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етумен айналысады. 1 маусымға дейін бейімделу кезеңін аяқтап, жұмысты жаңартылған форматқа көшіру көзделген.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС PR департаменті.

 

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру