Бейсенбі, 10 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025
- Еңбек адамы
0
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы
99
БӨЛІСТІ
276
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Құсмұрын-Ақбастау кенішіндегі өндірістік бөлімінің диспетчері, «КәсіпҚорған» кәсіподағы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағының белсендісі Меруерт Әбдікерованы әріптестері білікті маман әрі іскер ұйымдастырушы ретінде бағалайды.

Меруерт Қазыбекқызы еңбек жолын 1993 жылы Жезқазған қалалық телекоммуникация кәсіпорнында бастаған. Еңбекке араласқан алғашқы жылдардан бастап ол өзін жауапты, мақсатты және бастамашыл маман ретінде көрсете білді.

Жұмысын тау-кен саласында жалғастыра отырып, Құсмұрын-Ақбастау кенішінің өндірістік бөлімінің диспетчері болды. Вахталық әдіспен жұмыс істегенде ол уақытының көп бөлігін өзі үшін екінші үйге айналған кеніште өткізеді. Бұл жерде ол маңызды өндірістік үдерістерді бақылап қана қоймай, ұжымдағы бірлік пен ынтымақтастықты берік қалыптастырды.

Ұжымдық мәдениетті дамыту мен жас мамандарды қолдауда да айрықша үлес қосып келеді. Негізгі жұмысынан бөлек, Меруерт Қазыбекқызы қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылады. Ол еңбеккерлердің құқықтарын қорғай отырып, кәсіподақ қозғалысында негізгі рөл атқарады, сондай-ақ «Jastar Bolashaq» ұйымы шеңберінде жастар бастамаларын ілгерілетумен айналысады. Оның қызметі жас мамандар арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, оларды еңбекте ынталандыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуде.

Меруерттің күш-жігерінің арқасында жас мамандар кәсіби өсу, тәлімгерлік және ұжымның әлеуметтік өміріне белсенді қатысу мүмкіндігіне ие болады. Меруерт Әбдікерова өз кәсібіне ерекше ықыласпен қарап, бүгінде абырой биігінен көрінуде.

Арман БЕЙСЕКЕЕВ.

 

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Бәйеш батыр

    Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Мың жарым балаға жазғы лагерь қуаныш сыйлады

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру