Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Қайраткер өмірін паш еткен кітап

11.03.2022
- Руханият
0
Қайраткер өмірін паш еткен кітап
101
БӨЛІСТІ
281
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Киелі Ұлытау топырағы ұлтына адал қызмет етіп, қоғам дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардан кенде емес. Ақын да, ғалым да қасиетті мекеннің ұлылығын әрқашан ұлықтап келеді. Міне, сондай тау тұлғалы азаматтың бірі Жұмағали Наурызбаев еді.

Педагогика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі ЖұмағалиЖөкейұлы бар ғұмырын аймақтың дамуына арнады. Соның ішінде білім мен ғылым саласына өлшеусіз үлес қосты. Ол ректорлық қызмет атқарған жылдары Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің алтын ғасыры қалыптасты. Қоғамдық-саяси өмірде де Жұмағали Наурызбаевтың атқарған қызметіне ел куә. Осы айтулы тұлғаның есімін ел есінде қалдыру мақсатында жыл басында елордадағы «Кәусар» баспасынан «Ғұмыр-дастан» кітабы жарық көрген болатын. Жақында осы туындының Жезқазған қаласында тұсауы кесілді. С. Сейфуллин атындағы кітапханада өткен жинақтың тұсаукесерінде «Кәусар» баспаханасының директоры, қаламгер Қуат Құрмансейітов кітап жайында кеңінен әңгімелеп берді.Сиясы кеппеген жаңа туындыда Жұмағали Жөкейұлының қаламынан туған өлеңдер мен мақалалар, ойтолғаулар мен ғалымның БАҚ беттерінде жарияланған алуан тақырыптардағы сұхбаттары берілген. Сонымен қатар, белгілі қоғам қайраткерлерінің Жұмағали Наурызбаевтың азаматтық тұлғасын, оның қоғамға, ғылымға сіңірген еңбегін ашып көрсететін естеліктері жарияланған.

Жинақтың тұсаукесерінде Қазақстанның Құрметті энергетигі ЯхияАсатов, драматург, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Кенжебай Ахметов, белгілі қалмагер Базарбай Әлеуханұлы, шәкірттері Әнуар Омар, Сабыржан Тембаев, құрдастары сөз алып, Жұмағали Жөкейұлы жайында сыр шертті. Ғалымның 53 жыл бірге ғұмыр кешкен зайыбы Жанат апай жинақтың жарық көруіне қолұшын созған жандарға алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Айта кеткен жөн болар, Жұмағали Жөкейұлы Наурызбай 1949 жылы 21 қазанда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология және химия факультетін, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.

1972 жылы Жезқазған құрылыс техникумында химия пәнінің мұғалімі, 1977 – 1990 жылдары облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан КП Орталық комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болып қызмет еткен. 1990 жылы ҚазКСР Президенті Кеңесінің кеңесшісі, 1991 – 1994 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратында аға референт, сектор меңгерушісі, аға сарапшы, кеңесшілер тобының жетекшісіқ ызметтерін атқарған. 1994 – 1995 жылдары Жезқазған облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, 1995 – 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000 жылы Ө. А. Байқоңыроватындағы Жезқазған университетінің ректоры болып тағайындалды.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, қалалық мәслихат депутаты. А. Байтұрсынов және Ы. Алтынсарин атындағы медалдармен, «Өнер кәсіпке қолдау көрсету» Француз қауымдастығының алтын медалімен, Халықаралық «Алтын құрыш» (Женева) сыйлығыменмарапатталған. Ақынның «Ұлттық мектептің ұлы мұраты» «Ұлттың ұлы бола алсақ», «Өмір қақпасы», «Махаббат киесі», «Ғашықтық – бақыт», «Лағындай ерке киіктің», «Күз – көңіл», «Тұлғалар туралы толғаныс» сияқты жыржинақтары мен кітаптары жарық көрген.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Жезқазған.

Бөлісу40Твитерге25
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру