Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Кәсіби шеберлігімен беделді

20.12.2024
- Өндіріс және өмір
0
Кәсіби шеберлігімен беделді
75
БӨЛІСТІ
207
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады. «Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар.

Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», – деген болатын.

Адал еңбегімен өз саласында мамандығының майталманы дәрежесіне көтерілген жұмысшылар «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС құрамындағы тау-кен, шахта жабдықтары зауытында баршылық. Өндірістің ауыр буыны – тау-кен саласына қажетті жабдықтардың бөлшектерін дайындауда отыз екі жылдық тәжірибесі бар Александр Скляр бүгінде мамандығы бойынша сүргілеуші кәсібін атқарып жүр.

Александр Владимирович сөздің емес, істің адамы екенін өзінің атқарып жатқан жұмыстарымен дәлелдеген азамат. Ғұмырының отыз екі жылын өндіріске бағыттаған кейіпкерімізді әңгімеге тартқанда: – Зауыттағы сүргілеушілер күрделі бөлшектерді дайындаумен және тау-кен, шахта жабдықтарының тозған бөлшектерін қалпына келтірумен айналысады. Ұжымымыз өте тату. Бір-біріне қолұшын созып, көмек беруге дайын.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Тәжірибелі мамандардың қатарын жастар толықтыруда. Олардың еңбек етуге деген ықыласына аға буынның көңілі толады. Жастар қазір шапшаң. Бәрін бірден үйренгілері келеді. Алайда, бұл кәсіптің құндылығын бәрі бірдей түсіне бермейді. Бір бөлшекті дайындап шығарудың өзі төзімді, жауапкершілікті қажет етеді. Біздің қолдан бір күнде жүздеген бөлшек өтеді. Олардың сапасына ерекше мән береміз, – деді

Александр Скляр жұмыстан қолы босағанда түрлі бұйымдар жасағанды жақсы көреді. Ол қолөнермен шұғылданатын достарына да көмектесіп, ақыл-кеңесімен бөлісіп отырады.

– Бөлшектер мен бұйымдарды дайындап, оларды қалыпқа келтіру менің сүйікті ісім. Осы шаруалармен шұғылдансам, ынтам ашылады. Адамға адал еңбек әрқашан абырой алып келеді. Сондықтан мен өз жұмысымда еңбек өнімділігі мен сапасына ерекше мән беремін, – деді кейіпкеріміз.

Бір сөзбен айтқанда, Александр Скляр өзінің ортасында кәсіби шеберлігімен беделді маманға айналған азамат.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру