Біз өмір сүріп отырған ортаны энергетика саласынсыз елестету әсте мүмкін емес. Шаһарлар мен ондағы ғимараттарды, өндіріс нысандарын жарықпен, сумен, жылумен қамтудағы энерегтиктердің еңбегі ұшан-теңіз.
Жыл сайын желтоқсан айының соңын ала аталып өтілетін Энергетиктер күніне орай Жезқазған байыту фабрикасының басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті салтанатты жиын өткізді. Фабрика директоры Елдос Тоқтасынов өндіріс нысанының қалыпты жағдайда кен байытудағы сала қызметкерлерінің еңбегіне алғысын білдірді.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Майра Әлбаттина да энергетиктердің сүбелі үлесіне ризашылығын жеткізді. Кәсіби мерекеге орай фабриканың бір топ еңбеккері «КәсіпҚорған» кәсіподағының, «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының, «Jastar Bolashaq» Жастар одағы атынан сый-құрметке кенелді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.