Бейсенбі, 10 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Тәжірибелі теміржолшы

22.11.2024
- Еңбек адамы
0
Тәжірибелі теміржолшы
123
БӨЛІСТІ
343
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Адал еңбек әрқашан өзінің бағасын тауып, адамды құрметке бөлейді. Қоғам үшін атқарған жұмыстың нәтижелі болуы кімге болсын мәртебе. Теміржол саласына 31 жылын арнаған Айтжан Есенбековтің еңбектегі жолы оны мәртебеге жеткізіп, құрметке кенелтті.

Айтжан Құттыбайұлы Борсеңгір ауылының тумасы. Әкесі Кеңес дәуірінде мал шаруашылығын дамытуға үлес қосты. Ұл-қыздарын адал еңбекпен нан табуға баулыды. Әке өнегесін үлгі тұтқан Айтжан аға да өзінің еңбек жолында сол әкенің ақыл-кеңесін естен шығармады. 1982 жылы әскер қатарынан оралған соң Жезқазған облыстық тұтыну басқармасына жұмысқа орналасты. Онда жүргізуші, механик қызметтерін атқарды. Кейін бұл басқарма тараған соң, Айтжан Құттыбайұлы теміржол саласына келді. Қайта құрылымдалып, атауы өзгергенімен негізгі қызметі «Қазақмыс» корпорациясының жүк тасымалын ұйымдастырушы «Транко Жез» ЖШС-інде еңбек етіп келе жатқан Айтжан Құттыбайұлы жуырда салаға қосқан үлесі үшін «Еңбек озаты» төсбелгісін омырауына тақты. Байыптылығы мен өз ісіне деген жауапкершілігінің арқасында Айтжан Есенбеков абыройға кенелді. 25 жыл вагон қызметі бөлімінде механик болып еңбек етті. Соңғы 6 жылда – вагон қызметінде бригадир.

Тәжірибелі теміржолшымен сұхбаттасқанымызда:

– Ширек ғасырдан аса осы бөлімде вагондардың қауіпсіздігін бақылап, олардың теміржолда ақаусыз жүк тасуына жағдай жасадық. Кейінгі 6 жылда бригада жетекшісімін. Бригадамдағы жігіттердің қай-қайсы болсын өз істеріне мығым. Молдахмет Егімбаев, Жеңіс Бимағанбетов, Бағдат Қуанышев сынды азаматтардың іскерлігінің нәтижесінде вагондарымыз жүк тасуда мүдірген емес. Теміржол – экономиканың күретамыры десек, сол тамырдың үздіксіз соғуына біздің ұжым да сүбелі үлес қосып келеді деп білемін, – деді Айтжан Құттыбайұлы.

Бүгінде зейнет жасына келіп қалған Айтжан Есенбеков мамандығында талай жасты кәсіпке үйретті. Оның мектебінен өткен талапкерлер қазір өздерінің қарым-қабілеттерін еңбекте байқатуда.

Айтжан Есенбеков отбасымен бірге

Тәжірибелі теміржолшы атанған Айтжан Құттыбайұлы ұжымында құрметке кенелген маман болса, отбасында ардақты әке. Зайыбы Дина Ершаева екеуі ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отыр. Дина Таңатарқызы 40 жылға таяу Қаныш Сәтбаев атындағы № 7 мектеп-лицейде ұстаздық етіп, бейнетінің зейнетін көруде. Ұлдары Ғазиз Жезқазған байыту фабрикасының № 2 ұнтақтау корпусында мастер болса, Ғалым Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінде тиеу-жеткізу машинисі.

Абай Құнанбайұлының «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген сөзін берік ұстанған Айтжан Есенбеков ұрпағына өнегелі жол көрсетіп келеді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

Бөлісу49Твитерге31

Көп қаралған

  • Бәйеш батыр

    Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Мың жарым балаға жазғы лагерь қуаныш сыйлады

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру