Облыс орталығында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өткізілген тазалық жұмыстарына мыңға жуық адам қатысты.
Шаһар тұрғындары саябақтар мен гүлзарларды, көшелерді тазалады. Игі шараның белортасында кәсіпорын жұмысшылары, қоғам белсенділері, жастар мен волонтерлер жүрді. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ел Президенті «Таза Қазақстан» акциясы игі бастама, жалғасын табуы керек деді. Демек түсінген адамға бұл – шарапаты мол, қаланың тазалығы мен қоғамды дамыту жолындағы игілікті іс.
Акция өз деңгейінде өтті. Тұрғындар мен кәсіпорын қызметкерлері өздеріне берілген аумақты тазалап шықты. Әрине қаламыздың таза көркем болғаны жақсы ғой. Сол үшін қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын әрбір жанашыр адам қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосуы керек. Экоакцияға 15 арнайы техника жұмылдырылып, 100 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.