Біздің үйде әжем, әкем, анам, әпкем, ағам, кіші әпкем, мен, сіңілім, томпақ інім бар. Бәріміз бір отбасымыз. Әпкем қалада оқу оқиды. Әжем маған көп ақыл айтады. «Өскенде ақылды, білімді бол» дейді. «Үлкенді сыйлап, кішіге ізетті болсаң, сенен асқан керемет жан болмайды» – дейді.
Әкешімді қатты құрметтеймін. «Сіз» деп сөйлеймін. Анам солай үйретті. Біз үшін еңбек етіп, жұмыстан шаршап келсе де, саябаққа жиі қыдыртады. Оны ешқашан ұмытпаймын. Анама да «Сіз» деп сөйлеймін. Көмектесемін. Анамыз бізге қатты дауыс көтерген емес, ақылмен, сабырмен түсіндіреді бәрін.
Мен отбасымды қатты-қатты жақсы көремін. Мен үшін отбасым – бір мемлекет. Әжем, әкем, анам – менің ең керемет байлығым. Әпкем, ағам, бауырларым – жандарым. Отбасыдан құралады мемлекет.
Ақжайық ЖӨКЕН, Е. Шаханов атындағы тірек мектебінің
(ресурстық орталығы) 2 «а» сынып оқушысы.