М енің жазғы демалысым Өспен ауылына барумен басталды. Мен нағашы ата-әжемнің ауылына отбасыммен бардым. Күнде жеңгелеріммен әртүрлі тағам жасасып, құрт пен ірімшіктің қалай жасалатынын көріп, май шайқауды үйренуге тырыстым. Кешке бауырларыммен, көрші үйдің балаларымен бірге аулаға шығып ойнадық. Әжемнің дайындаған бауырсағын, балдай тәтті қымызын ішіп күш жинадым. Әпкем мен кішкентай сіңілілерімді ойнатып күнімді қызықты өткіздім. Қаладағы тәтем сыйлықтар беріп жіберіп, бізді қуантты. Көкем күнде бізге тәттілер, балмұздақ әкеліп жүрді. Бақыт үшін тағы не керек? Бұдан басқа, мен көп ертегілерді оқып, көкеммен бірге есептерді шығардым.
Күнімнің ең керемет кезі кеш еді. Себебі мен кешке әпкеммен тау жаққа шығып, күннің ұясына батқанын тамашалаймын.Ол кезде күн әдемі қызыл нұрын шашып, салқын жел тұрады. Шашым желге желбіреп, балалық шақтың нағыз қызығын сезіндім. Ыстық күні суға түсіп, қарбыз жеп, ағаммен балық ауластым. Міне, нағыз жазғы демалыс. Осылайша, менің жазғы демалысым керемет өтті.
Зарина ЕРКЕБҰЛАН, Е. Шаханов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығы) 2 «а» сынып оқушысы.