Мына хат Сәтбаев қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектептен келіпті. Хат авторы Нұрай замандастарың өзі-нің балаң арманы туралы ой толғайды. Әкесі Жандос Сақытов «Адал еңбек KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде электр монтёрі болып еңбек етеді екен. «Кәсіп-Қорған» кәсіподағының белсенді мүшесі.
Әр адамның өз арманы болады. Әжем маған үнемі «Армансыз адам қанатсыз құс секілді» деп айтып отырады. Кiшкентай кезiмнен бастап «үлкен нәрселерді армандап үйрен» деп айтады.
Менiң есiмiм Нұрай. Жасым жетiде. Әжемнiң қызымын. Мен кiшкентай болсам да көптеген үйiрмелерге қатысамын. Соның iшiнде «Дамира» би ансамблінде өз өнерiмдi көрсетіп, көптеген конкурстардың жеңiмпазы атанып жүрмiн. Болашақта да би өнерiн бойыма сiңiрiп, биші болғым келеді.
Сонымен қоса, дәрiгер болуды қатты армандаймын. Ол үшін әжем «үздік оқы, көп оқы» деп айтады. Сабағымды үздік оқып жүрмiн. Дәрiгер болсам, ауырған науқастарды емдеп, жазар едiм. Мен жер бетінде ешбiр ата-әже, әке-ана, кiшкентай бөпе ауырмай, барлығы қуанып, күлiп, бақытты болып жүрсе деп армандаймын.
Нұрай Жандосқызы,
Сәтбаев қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы
жалпы білім беретін мектептің 2 «а» сынып оқушысы.