Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Біз мектепке барамыз»

30.08.2024
- Жаңалықтар, Мұқаба
0
«Біз мектепке барамыз»
96
БӨЛІСТІ
266
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Алғашқы қоңырау соғылады

Әне-міне дегенше жазғы үш ай каникул да өте шықты. 1 қыркүйек күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылады. Алайда, әлеуметтік желілерде оқу жылына қатысты бірқатар алып-қашпа әңгімелер де айтылуда. Осының мән-жайын анықтау үшін біз облыстық білім басқармасына қоңырау шалған едік.

– Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. Бірақ, бұл күні мектепке тек 1-сыныпқа баратын балалар мен 11-сынып оқушылары ғана жиналады. Олар үшін «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді.

Ал, 2-10-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау салтанаты 29 тамыз күні өтеді. Олар – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатына қатысады, – дейді Ұлытау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маратбек Төребеков.

1 сыныпқа – 4100 оқушы

Биыл облыс бойынша 4300 бала 1-сыныпқа келеді деп жоспарланған. Қазір құжатын тапсырып, мектепке әзір отырғаны 4100 бала. Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025

Жалпы, биыл облыс мектептерінде 41705 бала білім алмақ. Оларды қарсы алуға 86 мемлекеттік мектеп пен бір жекеменшік мектеп сақадай сай тұр. Тек бір мектепте, Қызылжар ауылындағы білім ошағында, күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ол қыркүйек айында қатарға қосылады, – дейді білім басқармасындағылар.

Оқу дәстүрлі түрде өтеді

Әлеуметтік желіде «оқушылар вирусқа байланысты қашықтан оқуға көшеді екен» деген әңгіме де қызу талқыланып жатыр. Біз бұл сауалды да облыстық білім басқармасына жолдаған едік.

– «15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқуға жіберіледі. Тағы да маска режимі басталады» деген әңгіме ешқандай негізсіз айтылуда. Рас, қыркүйектен бастап елімізде папилломавирусқа қарсы вакцинация басталады. 11 жастағы қыздарды иммундау жоспарлануда. Мұның сыртында, 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады. Соған қарамастан мектептерде оқу дәстүрлі түрде оқытылады, – дейді Маратбек Төребеков.

1 қыркүйек – 25 мамыр

Оқу жылының басталу және аяқталу күндері еш өзгеріссіз қалды. Мұның сыртында, демалыс күндері де арнайы құжат бойынша бекітілді. Осы құжатқа сәйкес, оқу жылы әдеттегідей 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады.

1-тоқсанның ұзақтығы 8 оқу апта, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда); 2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда); 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда); 1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда). 4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

Ізтай Белгібайұлы.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру