Мектеп жасындағы балалардың орта біліммен қамтылуын көздеген «Мектепке жол» акциясы ел аумағында үздіксіз жүзеге асып келеді. «Amanat» партиясының балаларды мектепке дайындау жобасы Ұлытау өңірінде биыл да жалғасын тапты.
«Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалы Жезқазған, Сәтбаев қаласындағы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көп балалы, өндірісте қаза болған азаматтардың отбасының балаларына оқу құралдарының жинағын табыстады. Филиалдың атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов биыл алғаш мектеп табалдырығын аттайтын балақайларды құттықтап, тілегін арнады.
– Білім дейтін үлкен әлемге бет алып барасыңдар. Сендер ел ертеңі деп сенген біздің үмітімізсіңдер. Ата-ананың үмітін ақтап, білімге құштар азамат атануларыңа тілекшіміз. «Amanat» партиясының өздеріңе деген шағын сый-сияпатын қабыл алыңдар, – деді Асқар Сембіғалиұлы.
Айта кетейік, биыл «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалы 33 баланы оқу құралдарымен қамтамасыз етті.