Шығыс Жезқазған кеніші, Анненск шахтасының еңбеккері, грэплинг күресінен Азия чемпионы Арұлан Құрманәлиев Астанада өткен «Қазақ батыры – 2024» Әлем чемпионатына арналған іріктеу турында күш сынасып, алтыннан алқа тағынды.
Спорттың аталған түрімен 2018 жылдан бері тұрақты айналысып келе жатқан Арұлан бұған дейін халықаралық додаларда да топ жарған болатын. Жүзден жүйрік шыққан ол енді Әлем чемпионатында бақ сынайды.
– Спорт – мен үшін үлкен мектеп. Сол арқылы сыналдым, шыңдалдым. Алдағы бағындырар белесім – Әлем чемпионаты. Бұл іріктеуден өту үшін де қызу дайындықта болдым. Әлемдік додаға енді мықты дайындық керек. Мені осындай додаларда қолдап, демеушілік білдіріп жүрген «КәсіпҚорған» кәсіподағына алғысымды білдіремін. Әлем чемпионатында да сенімдеріңізді ақтаймын, – деді Арұлан.
Дүбірлі додада жеңіс туын желбіретіп қайтқан Арұлан Құрманәлиевтің алдағы әлемдік бәсекеде бағы жансын деп тілейміз.