Сенбі, 7 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Еңбегімен танылған

30.08.2024
- Еңбек адамы, Өндіріс және өмір
0
Еңбегімен танылған
82
БӨЛІСТІ
228
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Әңгімемізді әріден өрбітсек, сонау Байқоңыр ауылында тұратын Әлирахман Стамқұловтың отбасы 1964 жылдың шіліңгір шілдесінде алабөтен қуанышқа кенелген. Өмірге ұл келді. Оған азан шақырып  Мұханбетәлі деп ат қойды.

Шаңырақты шаттыққа бөлеген шекесі торсықтай ұлдан әке-шешесі үлкен үміт күтті. Бала күніндегі ойлы жанары болашағынан бір хабар бергендей-ақ еді. Ауылдың өзі құралпы қарасирақтарымен бірге жеті жасында мектеп табалдырығын аттады. Ә дегеннен білімге құштарлығын аңғартқан тұлымшағы желбіреген жеткіншектің талабын ұстаздар да хош көрген.

Мұханбетәлі ұстаздарының сенімін ақтады. Оқуды үздік бітірді. 1982 жылы Жезқазған педагогикалық институтындағы көркемсурет факультетіне құжаттарын тапсырып, оны ойдағыдай бітіріп шықты. Еңбек жолын Байқоңыр ауылының № 4 мектебінде бейнелеу мамандығы бойынша мұғалім болып бастады. Содан бері де, міне, 35 жыл уақыт зу етіп өте шығыпты.

Жастайынан білімге құмар Мұханбетәлі бір мамандықпен шектеліп қалуды өзіне қор санады. Ол Қарағанды мемлекеттік университетіне барып, тарих факультетін оқып, диплом алды. Бүгінде Байқоңыр ауылындағы № 17 мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Шәкірттері тарих пәнінен аудандық, облыстық олимпиадаға қатысып жүлделі орындар алып келеді.

Жалпы, Мұханбетәлінің тарихты таңдауы да тегін емес. Ол жастайынан туған жер, өскен өлке тарихына тәнті болып жүретін. Осы мамандықты меңгергелі өңір тарихын терең зерделеуіне мүмкіндік туды. Ол – Байқоңыр өңірінің тарихи кешендерін насихаттауда аудандық, облыстық байқауларға қатысып жүрген өлкетанушы. «Атамекен-Байқоңыр» бірлестігінің және «Бұланты шайқасы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі әрі ауыл мектебінде ұйымдастырылған «Б. Күзекұлы атындағы мектеп мұражайының» жетекшісі. 2019 жылы Мұханбетәлі Стамқұловтың «Байқоңырым – базарым» атты кітабы жарық көрді. Кітапта шалғайда жатқан ауылдың өлке тарихы, оның тұрғындары жайлы ой толғанады.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025

Мұханбетәлі Әлирахманұлының еткен еңбек, төккен маңдай тері зая кетіп жатқан жоқ. Ол әр жылдары «Жыл ұстазы» атанды, аудандық, облыстық деңгейлердегі Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды. Оның адамдық болмысы мен ғалымдық келбеті бір-біріне үйлесіп жатыр десек, артық айтқандық емес. Ең бастысы, ол айналасына еңбекқорлықтың нағыз үлгісін танытып жүр.

Сабыржан Әлирахманов.
Байқоңыр ауылы.

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Қарсақбай агротехникалық колледжі – кәсіби білім мен жұмысшы мамандықтың тірегі

Қарсақбай агротехникалық колледжі – кәсіби білім мен жұмысшы мамандықтың тірегі

06.06.2025
Биіктікті бағындырған Алмагүл

Биіктікті бағындырған Алмагүл

06.06.2025
Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру