Нұрқазған тау-кен байыту комбинатының электр слесарі Бекболсын Білбаев көп балалы әке. Жұбайы Жадыра екеуі жеті қы зтәрбиеле потыр.
Ұзақ уақыт бойы отбасы бір жалдамалы пәтерден екіншісіне көшуге мәжбүр болды. Біздің компания көп балалы ата-аналардың мәселесін шешуге ерікті болды. Өткен жылдың соңында Бекболсын Білбаевтың отбасына 4 бөлмелі жаңа пәтердің кілті табысталды. Арада бір жарым ай өтсе де, 40 жастағы Бекболсын «Қазақмыстың» үлкен сыйы туралы ризашылықпен айтады.
«Әлі есімнен кетеремес, 10-шы желтоқсанда көшеде келе жатқан едім, маған кадр бөлімінен қоңырау шалды. Олар маған 4 күннен кейін пәтер кілтін алуға болатынын хабарлады. Тұла бойым шымырлап кетті. Бірден қуанышымды біреумен бөліскім келді. Әрине, қуанышты хабарды ең бірінші зайыбыма айттым. Басында туыстарымызға айтпауды жөн көрдік – кілт берілгенше күтеміз деп шештік. Бірақ шыдай алмадық, ерте хабарлап қойдық. Мұндай тамаша жаңалықты іште сақтау қиын!» – дейді қуанышымен бөліскен бақытты отағасы.
Басты сыйлыққа қосымша ретінде Білбаевтар отбасына жаңа жиһаз бен тұрмыстық техниканың толық жиынтығы табысталды.
2021 жылы Қазақмыс компаниясынан 45 отбасы жаңа пәтерге ие болды. 2019 жылдан бері 140-тан астам көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар жаңа баспанаме нқамтылды. 2022 жылы қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жалғасады. «Қазақмыс» басшылығы компанияның бас-
ты құндылығы – онда жұмыс істейтін адамдар екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан холдинг өз қызметкерлерінің жақсы жағдайда өмір сүріп, алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауда.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.