«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған Стратегиясын іске асыру жоспарын орындау және қызметкерлерді ынталандыру жүйесін дамыту мақсатында дәстүрлі «Қауіпсіздік сағаты» іс-шарасы өткізілді.
Онда қауіпсіздік пен еңбекті қорғауда жоғары белсенділік танытқан компания қызметкерлері марапатталып, 100000 теңгенің сертификаттары мен дипломдар табыс етілді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау тұрғысынан үздік басшылар мен қызметкерлерді таңдауда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ кәсіпорындары деңгейінде басшылар арасынан комиссиялар құрылды. Мамандар мен жұмысшылардың (кәсіподақтар) өкілдері 2022 жылдың 25 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында іріктеу жүргізіп, 6 қызметкерді үміткер ретінде ұсынды, оның ішінде 3 жұмысшы және 3 басшы бар.
Жезқазған өңірінде қауіпсіздік саясатын жүзеге асыруда белсенді деп танылған қызметкерлерді марапаттау рәсімін «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің бас инженері Бахыт Қиямбеков жүргізді.
Қауіпсіздік саласындағы жеке үлесі үшін Жезқазған кен байыту фабрикасы №1 бас корпустың басшысы Нұрғали Есілбаев, «Батыс» кеніші №67-70 шахтаның бас инженері Талант Сейтмағанбетов, Оңтүстік Жезқазғанкеніші №65 шахта №23 телімнің басшысы Дәулет Ахметов, Оңтүстік Жезқазған кеніші №45 шахтаның жол жұмысшысы Жомарт Бесімов, Жезқазған кен байыту фабрикасы автокөлік цехының слесарі Юрий Веретенов, «Батыс» кеніші №73-75 шахта №12 телімніңтиеу-жеткізу техникасының машинисі Батырлан Жақиянов марапатқа ие болды.
Айта кетейік, 2021 жылдың өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саясатын жүзеге асыруда «Қазақмыс» корпорациясы деңгейінде 34 қызметкер іріктеліп, үздік деп танылды.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.