Кербез Кеңгір жағасында металлургтердің балық аулаудан жарысы өтті. Жезқазған мыс қорыту зауыты еңбеккерлерінің арасындағы бәсекеге «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті ұйытқы болды.
Таңғы 6-да басталған жарыс тартысты өтті. Әуесқой балық аулаушылар арасында І орынды күкірт қышқылы цехының командасы алса, ІІ орынды балқыту цехының командасы еншіледі. ІІІ орын шихта дайындау цехының командасына бұйырды. Сонымен қатар, жарыста ерекше көзге түскендер арнайы номинациялармен марапатталды.
Жарысқа ұйытқы болған кәсіподақ комитетінің төрағасы Ардақ Ақылбекованың айтуынша, бұл дода зауыт еңбеккерлерінің арасында дәстүрге айналған және оған қатысушылардың қатары жыл санап өсіп келеді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.