Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен биылғы 22-26 шілде күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ұлытау облысына іссапармен келді.
Аталған іссапардың мақсаты халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Анарбаев Нурлан Сайлауович – «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор, Сақан Дастан Дарханұлы – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы, Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС бөлім басшысы, дінтанушы-психолог, Тұрсынбаев Асқарбек Абаевич – Құранға қызмет қорының атқарушы директоры, дінтанушы, коуч-сарапшы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау, Қаражал, Жаңаарқа аудандарын аралап, халық арасында «Жат ағыммен күрес – ортақ міндет», «Діни фанатизм – қауіпті дерт», «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Дін және діни экстремизм», «Жалған діни ағымдардың зияны мен зардаптары » және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, мешіт жамағаттары, мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыз жастар мен өзін-өзі қамтушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.