«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдарының еңбеккерлері арасында спорттың бірнеше түрінен өтетін жылдық спартакиада аясында жақында зіл темір көтерушілер арасында мықтылар анықталды. Турнирге «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы ұйытқы болды.
Түрлі сала мамандары бақ сынаған турнир ерлер мен әйелдер арасында өтті. Дәстүрлі дода ерлер арасында 85 келіге дейін, 85 келіден жоғары салмақ дәрежесінде болды. 85 келіге дейінгі салмақта күш сынағандар арасында ІІІ орынды «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалынан Зухрат Таңсықбаев алса, ІІ орынға энергетика басқармасынан Қасым Жақыпов лайық деп танылды. І орынның тұғырына «Жыланды» кенішінен Дмитрий Ковальчук көтерілді. 85 келіден асатын салмақ дәрежесінде ІІІ орынға «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нен Александр Цой тұрақтаса, ІІ орынды «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нен Александр Соловьев еншіледі. І орынның жүлдесі цифрландыру қызметінен Юрий Толецкидің қоржынына түсті.
Әйелдер арасындағы бәсекеде ІІІ орынды «Jastar Bolashaq» Жастар одағының қызметкері Жанат Күншаева алса, ІІ орын электр желілері кәсіпорнынан Гүлнұр Дүйсембековаға бұйырды. «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС намысын қорғаған Юлия Стогний І орынды жеңіп алды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.