Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Әкім қаланы аралады

26.07.2024
- Шарайна
0
Әкім қаланы аралады
86
БӨЛІСТІ
238
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сәтбаев қаласының жаңа әкімі Мұрат Бөрібаев жұмысқа кіріскен күннен бастап шаһардың тыныс-тіршілігімен кеңінен танысуда. Ол әуелі «сақалды құрылыстарда» болып олардың мән-жайын сараптады.

Шаһарда шаруасы жүрмей тұрған құрылыстардан бөлек, жаңғырту жұмыстары басталып, тоқырап тұрған нысандар да бар. Сондай қайта жөндеуден өтеді деген екі нысанның жұмысы былтырдан бері тоқтап тұр. Оның бірі қаланың батыс ауданындағы «Қызғалдақ» шағын-сәулеттік нысаны болса, екіншісі – «Тағзым» мемориалдық кешені.

Шаһар басшысы шаруасы шатқаяқтап тұрған осы нысандарға арнайы барып, оларды жаңғыртуға тиісті мердігерлермен кездесті.

Қаланың батыс ауданында тұрғындар серуендейтін, балалар ойнай алатын алаң жоқ. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін осыдан бірер жыл бұрын жол жиегінде қылқиып жалғыз тұрған «Қызғалдақ» шағын архитектуралық кешенінің маңын абаттандырып, арнайы ойын алаңын, демалыс орнын жасау қолға алынған еді. Өкінішке орай әлде бір себептермен жұмыс тоқтап қалған. Қаланың жаңа әкімі осы жұмысты қайра жандандыруды қолға алды.  Мұрат Ерболатұлы мердігерлерге бұл аумақты белгіленген мерзімнен бұрын қалыпқа келтіруді тапсырды. «Ұлытау Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары шағын-сәулеттік нысанды қалыпқа келтіріп, жарықтандыру мен балалар ойын алаңын орнататын болды.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

«Тағзым» мемориалдық кешеніне де бірер жыл бұрын қайта жөндеу жұмыстары басталған болатын. Алайда, мердігер өзінің міндеттемелерін уақытылы орындамағандықтан қара тізімге енген. Биыл, «AlfuQurylys04» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалды. Мердігер абаттандыру мен көгалдандыру және кешеннің қасбетін, алаңның тас төсеніштерін жаңарту бойынша жұмыстар атқарады.

Мұрат Бөрібаев сондай-ақ, қаланың төменгі бөлігінде орналасқан «Кенші даңқы» алаңына да барды. Мұнда былтыр «Қазақмыс» корпорациясымен облыс әкімдігі арасындағы меморандум аясында жөндеу жұмыстары басталған болатын. Жобаны іске асыру мақсатында «Кенші даңқы» скверін қайта жаңарту жұмыстары екі бөлікке бөлінді. «TansuConstruction» ЖШС 1600 шаршы метр жерге жаңа үлгідегі тас төсеніштерін төседі. Биылғы жылы 2,9567 шаршы метр жерді абаттандыру көзделген. Жобаға сәйкес алаңның кіреберісін реттеп, балалар ойын алаңын құру жұмыстары жоспарланған.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу34Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру