Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Омырауда жарқырады «Еңбек даңқы»

26.07.2024
- Өндіріс және өмір
0
Омырауда жарқырады «Еңбек даңқы»
75
БӨЛІСТІ
208
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Түсті металлургияның өркендеп дамуына үлес қосып, бүгінде еңбегімен елеулі болған озаттарға жайылған «Байқоңыр» қонақүйіндегі ақ дастарқанға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нүриев, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов қатысты.

Мерекелік жиында өндірістің өркендеуі жолында тер төккен аға буын ұлықталды. «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Алтынбекұлы сара жол салып кеткен ардагерлерге халқымыздың дәстүріне сай иықтарына шапан жауып, ризашылығын білдірді.

Металлургтерге корпорация, облыс, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС басшылығы тарапынан сый-құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада «Құрметті металлург» атағы, «Еңбек ардагері» медалі озаттарға тапсырылды.

«КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының орынбасары Қуандық Рахметов ұйым тарапынан мереке иелеріне ыстық ықыласын білдіре келіп, Жезқазған мыс қорыту зауытының үздіктеріне «Еңбек даңқы» төсбелгісін тапсырды. Кәсіби мерекеде балқыту цехының шебері Ибрахимхалил Дүйсенбаев ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін омырауына тақты.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне балқыту цехының балқытушысы Серік Садуов, күкірт қышқылы цехының аппаратшысы Әбдел-Қасым Әлменов, мысты электролиздеу цехының слесарь-жөндеушісі Александр Бутыгин, от төзімдеу цехынан от төзімдеуші Батырғали Махметов, балқыту цехының конверторшысы Ержан Омаров, шихта дайындау цехының күйдірушісі Сабыржан Тоқбаев, балқыту цехының балқытушысы Бейбіт Ахметбеков ие болды.

Арнайы жұмыстар цехының электрмонтері Сергей Колесник, мысты электролиздеу цехының аға шебері Руслан Садық, аталған цехтың электролизшісі Николай Селиванов, күкірт қышқылы цехының аппартшысы Сағынжан Бекқожин, жы-
лу, электр желілері цехының басшысы Ғалым Сүлейменов те ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері атанды.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан басымдыққа ие болып отырған саланың әлеуетін әлдендіру жолында өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген жезқазғандық металлургтердің мәртебесі мерекеде тағы бір асқақтады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру