Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Зілтемірді бағындырған Гүлнұр

14.06.2024
- Өндіріс және өмір
0
Зілтемірді бағындырған Гүлнұр
88
БӨЛІСТІ
245
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Елдің дамушы күші – жастар» деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әр салада еңбек етіп жүрген жастарды қолдауға басымдық беру керектігін жиі айтып жүр. Жастар саясатының нәтижелі жүзеге асырылуында оларды қолдаудың түрлі тетіктері қалыптасты.

Әсіресе, жастарды баспанамен, жұмыспен қамту, бизнес, шығармашылық, өндіріс саласындағы жетістіктерін саралай келіп, мемлекет тарапынан серпін беруге баса көңіл бөлінуде. Бұл тұрғыдан алғанда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндірістік алаңдардағы жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, өзінің жеке бейімі бойынша дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Мен қалам тербеп отырған аруымыз – өндірістің қазанында қайнап, шыңдалған маман.

Өз мамандығынан бөлек, спортты серік еткен Гүлнұр Дүйсенбекова зілтемір көтеруден үздіктер қатарынан көрініп жүр. «Қазақмыс» корпорациясы еңбеккерлерінің арасындағы жарыстарда топ жарып, жеңіске ұмтылып келе жатқан Гүлнұр «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС электр желілері кәсіпорнындағы техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің маманы. Мәскеу техникалық институтын тәмамдаған. Қаршадайынан спортқа ынтасы ауған Гүлнұр шаңғымен сырғанаудан мектеп табалдырығында жүріп-ақ көзге түскен болатын. Ептілік пен ынта оны спортты серік етуге ұмтылдырды. Зілтемірді көтерудің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы алғашында Гүлнұр Дүйсенбекова ерлермен қатар жарыс жолына түсті. Жаттықтырушысы оны шыңдай түсу үшін қиын сындарда бағын сынады. Айналасы бір жарым жылдағы нәтиже көңілден шығады. Қоржынында 10-ға тарта медаль бар. Оның алтауы алтын болса, екеуі күміс, екеуі қола.

– Менен көбі «өзіңнің салмағың да аса көп емес, ауыр темірді қалай көтеріп жүрсің», деп сұрайды. Егер адамда көздеген мақсатқа жету деген ұран тұрса, оны бағындыру қиынға соқпайды. Мектеп кезінен бастап спортқа жақын болдым. Шаңғы тебуден де жетістіктерім жаман емес. Бұл спорт түріне бел шешіп, кіріскенде қолдау болған ата-анама, құрбыларыма алғысым шексіз. Алғашқы жетістіктер қылаң бере бастағанда әріптестерімнен бөлек, осы кісілер ерекше қуанды. Рухтандырды. Қолдау бар жерде жеңіс барын ұғындым. Спорттың ауыр түрінен Қазақстан чемпионы, Қазақстан Республикасы спорт шебері атақтарын алдым. Бұл жетістіктер маған оңай келген жоқ. Қысқа мерзімдегі дайындықтардың жемісі. Алдағы уақытта әлемдік деңгейге шығуды көздеп отырмын. Бұл үшін, әрине, көп дайындық керек. Жақында дене бітімі сұлулығына арналған «Фитнес – модель» жарысына қатысуға ұсыныс түсті. Оған қатысу жөнінде нақты шешім қабылдаған жоқпын. Ол енді уақыттың еншісінде. Менің басты ұраным – «Топ ішінен алға суырылып шығудан қорықпау». Осы ұстанымымда беріктікті сақтап қалу арқылы, талай мәрте жеңістің жалауын желбіретемін деп сенемін, – дейді зілтемірші ару.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Гүлнұр жақында ақ басты Алатаудың етегінде өткен Азия чемпионатынан жеңіспен оралды. Ол зілтемір көтерудің үш түрінен оң нәтиже көрсетті. Екі күміс, бір қоланы қанжығасына бөктеріп жетті. Өндірісте жүрсе де өзінің спортқа деген әлеуетін паш етуде Гүлнұр Дүйсенбекова қандай қиындықты болсын еңсеруге пейіл. Ұлытау облысының намысын байрақты бәсекелерде ту етіп көтеріп жүрген аруымыздың жеңісті күндері көп болсын деп тілейік.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру