«Балқаш-2024» халықаралық су-климат форумы өтті. Оған қатысушылар Балқаш көлінің экологиялық деградациясының алдын алу мәселелерін көтерді. Осы мәселені алаңдап, көтеріп отырған қоғамдастық мүшелері бірқатар инновациялық шешімдер ұсынды.
Сондай-ақ, су бассейнін экожүйелік тәсілге негіздей отырып басқарудың модельдері қарастырылды. Форум жұмысының нәтижесі бойынша қоғамдық ұйым құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұйым Балқаш көлі экожүйесін зерттеу және білім беру қызметін дамытады, экожүйе мүддесін Қазақстан Республикасында, алыс және жақын шетелдерде қорғайтын болады.
«Қазақмыс» экологиялық саясат және ESG қағидаттарын ұстана отырып, форумда белгіленген іс-шараларға белсенді атсалысып, Балқаш көлін құтқару бағдарламасын әзірлеуге үлес қосатынын білдірді.
Халықаралық форумға Мәжіліс депутаттары, Қарағанды облысының әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, су ресурстары жөніндегі сарапшылар, мәдениет қайраткерлері, өңірлік өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.