«Бала – бауыр етің» дейді халқымыз. Сол бауыр етіне ұлттық құндылықтың негізін қалдыруға көңіл бөліп отырған отбасылар көпке үлгі.
«Нұрқазған» кенішінде еңбек ететін Айшығар Исмайлов қанатын жайып, ұрпағымен өркендеп отырған шаңырақтың иесі. Өмірлік жары Дилафруз Дүйсебаева екеуі 7 балаға бақытты балалық шақ сыйлай отырып, оларды өнегелі де ұлттық құндылықтарымыздың қайнарын қанып ішкен тұлға қалыптастыруда.