10 мамыр күні Жезқазған қалалық соты Қазақстан Республикасында «MetaGo» қаржылық пирамиданың құрылымдылық бөлімін басқарғандары үшін Жезқазған қаласының 2 тұрғынына үкім шығарды.
Олар 102 жәбірленушіге 70 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Аталған соманы қылмыскерлер болашақта заңдастыру үшін криптобиржалар арқылы қылмыстық жолмен криптовалютаға ауыстырып, банк шоттарына жолдап тырған. Бұл бойынша Ұлытау облыстық прокуратурасы мен экономикалық тергеу департаменті бірлесіп жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн.
– Сот үкімімен сотталушылар 3 жыл 6 ай және 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Үкім қазіргі таңда заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар он бес тәулік ішінде апелляциялық шағым келтіруге құқылы.
Орайы келгенде айта кетейік, қандай да бір күмәнді, тез арада ақша қаражатыңызды жоғары пайызбен көбейтіп береміз дейтін мекемелерге, немесе тұлғаларға сенбеңіздер, – дейді Ұлытау облысы прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау басқармасының прокуроры Наймантай Нұрман.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.