Алқалы жиыннан соң өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы қала көшелерін аралап, жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Облыс әкімі алдымен Теміржол көшесінде жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарын бақылады. Мұнда қазір фрезерлеу жүріп жатыр. Техникалық тротуарды демонтждау нәтижесінде жолдың ені 2 метрге ұлғаятын болады.
Бұдан соң Берік Әбдіғалиұлы Шынтуринов, Майлин, Сафронов сынды тағы бірнеше көшенің жол жөндеу жұмыстарын көрді. Мердігер – «АлмасҚұрылысҚазақстан» ЖШС. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйым жол профилін тегістеу және де қиыршық тас жабындысының деңгейін төмендету бойынша жұмыстарды жүргізілуде. Жөндеу жұмысының аяқталу мерзімі – 1 тамыз.
Одан әрі аймақ басшысы бастаған топ Абай, Чехов және Фурманов көшелеріне аялдады. Сала мамандары мен мердігерлерге жұмыстарды уақытында аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі 91-орамның жолдары мен Абай, Гоголь көшесінің аулаішілік жолдарының жайын бақылады. 81-орамның жолдары да назардан тыс қалмады. Қазіргі уақытта Орджоникидзе көшесінің жолдары орташа жөндеуден өтіп жатыр.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.