Қала әкімінің энергетика, құрылыс, сәулет, көлік, жол, коммуналдық шаруашылық және Төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі орынбасары болып Берік Әбен тағайындалды.
Ол 1989 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2012 жылы Сәтбаев қаласы жастар бастамалары орталығында бастаған Берік Әбдікамалұлы бүгінгі дейін бірнеше жауапты қызметтерді атқарған. 2023 жылдан бастап Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымында болды. Жаңа орынбасарын Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қала активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.