ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен 2024 жылдың 13 сәуірі мен 29 тамыз аралығында Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп «Senat Open» шахмат турнирі өтуде. Бұл республикалық маңыздағы додаға 8-шақырылым депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат қызметкерлері, қоғам белсенділері, БАҚ саласының қызметкерлері мен ардагерлері, саяси қайраткерлер мен блогерлер қатысады.
Өткен жексенбіде Ұлытау облысынан ақтық мәреге жолдама алатын шахматшыларды анықтау мақсатында турнирдің облыстық кезеңі жалауын көтерді. Айшықты шараға тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы қолдау білдірді. Турнирге «КәсіпҚорған» кәсіподағының жергілікті ұйымдарынан бір комитет төрағасы мен белсенді мүшесі қатысты. Олар – «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалына қарасты «Батыс» кенішіндегі комитет төрағасы Абзал Байсалбаев, Жезқазған байыту фабрикасының еңбеккері Таңат Дүйсентегі, Жезқазған мыс қорыту зауытының цех басшысы Ғалым Жандәулетов пен зауыттың кран машинисі Жандос Кіртай, Жезқазған мыс қорыту зауытының күйдірушісі Сабыржан Тоқбаев «Транко Экспресс» ЖШС электрслесарі Нұрлан Жаулыбаев, Жезқазған байыту фабрикасынан Мұрат Сәбитов, «Қорғау қызметі» ЖШС күзетшісі Балтай Шалабаев.
Облыстық іріктеу кезеңінде ІІ орынды мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасынан Мейрамбек Кубенов еншілесе, ІV орын Таңат Дүйсентегіне бұйырды. Айта кетейік, 25 қатысушының қатарынан жартылай финалған жолдама алғандар Сенат кубогіне Қарағанды қаласында өтетін турнирде бақ сынайты болады. Солардың қатарында Жезқазған мыс қорыту зауытының цех басшысы Ғалымжан Жандәулетов бар. Ой спорты бәсекесінде жерлестерімізге сәттілік тілейміз.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.