Сәрсенбі, 4 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Уақыт уыты

Атың шықпаса…Блогер бол

05.04.2024
- Уақыт уыты
0
Атың шықпаса…Блогер бол
117
БӨЛІСТІ
325
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Атың шықпаса, жер өрте» деген аталы сөздің астарында қандайлық мән-мағына жатыр. Соған қарап, бүгінде «Атың шықпаса, блогер бол» дер едік.

Осы блогерлерді кейде ішкі істер органдарының кейбір қызметкерлерімен сыбайлас шығар деп қаласың. Өйткені олар аса құпия саналатын тергеу деректерін біліп, жариялап жатады. Жалпы заң жүзінде тергеу толық аяқталғанша әлгі құқық бұзушы – «күдікті», ал ісі сотқа барғанда – «сотталушы», сот үкімі шығып, ол жоғарыда бекіген соң барып «қылмыскер» атанса керек. Ал блогерлер лауазым иелері әрекетінің ақ-қарасын анықтамай жатып-ақ «қылмыскер» деп атап, орынтағынан алып, тіпті ол орынға «лайықтыларды» тізіп, айдай әлемге жариялай береді. Бұл жүгенсіздік қой.

Кеңес дәуірінде арызқойлар болушы еді. Олар жазған домалақ арыздарды партия жиналыстарында қараумен қаншама уақыт зая кететін. Басшылардың үстінен жазылған жала жабудың бір пайдасы кейбір кемшіліктердің бет пердесі ашылып, тиісті шешім қабылданатын. Мына сөз бостандығын желеу еткендердің жарияланымдары желге ұшқан көп сөз. «Қоғамдық пікірді қалыптастыру» дегеннің өзі, біле-білсек, өсек-аяң ғой.

Осы желсөз иелерін біреулердің журналистер дейтінін естігенде қарадай қынжыламыз. Бұл – мәртебелі мамандық иелеріне кіркелтірушілік. Мысал үшін айталық, мектепте қаншама пән мұғалімі бар, бірақ оның бәрі «ұстаз» деген атқа лайық емес. Сол тәрізді газет-журналдардағы мақала авторларының, теледидар арқылы хабар жариялаушылардың бәрін бірдей журналист дей алмас едік. Дегенмен, олар – бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері. Ал, БАҚ өкілдері болмаса да, Баспасөз күні кәсіби мерекесінде неге екені белгісіз сый-сияпаттар көрсетіліп жататынына қарап жұртшылық блогерлерді де журналистер санатына қосатын тәрізді.

Сондай-ақ оқыңыз

Құмарлық қақпаны

Құмарлық қақпаны

06.12.2024
Мақсат –экология мүддесі

Мақсат –экология мүддесі

19.04.2024

Шын мәнінде, әлеуметтік желі арқылы өз сөзіне жауап бермейтіндер қаламгерлер қауымына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Көпшілік осыны ұқса екен. Әлде блогер мәртебесін жете білмейтін шығармыз. Мүмкін. Әйткенмен біз білетін блогер атанып жүргендер – тырнақ астынан кір іздеп, өз атын шығаруды көздегендер.

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ.

 

Бөлісу47Твитерге29
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру