Сенбі, 18 Сәуір , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік

«Жанұя» кәсібін жайлы бағамен бастамақ

14.03.2024
- «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
0
«Жанұя» кәсібін жайлы бағамен бастамақ
120
БӨЛІСТІ
333
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарын әлеуметтік қолдауды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығының шешімімен сауда желісі – 1 гипермаркет және 20 шағын маркет құрылды.

Сауда желісінің басқарушы компаниясы «ULY DALA RETAIL» («Ұлы Дала») ЖШС деп танылды. Оның негізгі міндеті – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құны мен үстеме бағасын реттеу арқылы өңірдегі ең қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру болды.

Өкінішке орай, «ULY DALA»-ның бастапқы кезеңдегі уақытша табыстарына қарамастан, қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етуді басты мақсат еткен компанияның желі қызметі тиімсіз бола бастады.

Бұл мәселенің шешімін табуға 2022 жылдың қыркүйегінде «PricewaterhouseCoopers» халықаралық компаниясы тартылды. Аудиттен кейін компания «ULY DALA» басқарушы компаниясына жағдайды реттеуге бірқатар мүмкіндіктер ұсынған. Олардың орындалуы жағдайды түзетуге көмектесуі керек болатын. Алайда, барлық шаралар орындалмады, жағдай айтарлықтай қиындай түсті.

Нәтижесінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығы басқарушы компанияны ауыстыру туралы шешім қабылдады. Біраз уақыттан кейін «Samadi Group» басқарушы компаниясы тарапынан перспективалы нұсқа анықталды.

Басқарушы компанияны таңдаудың негізгі факторы – бұл компанияның Ұлытау облысында «Самади» брендімен өзінің сауда желісін табысты басқаруы, өңірде көтерме-бөлшек сауда саласында ұйымдастырылған үдерістердің қажетті желісіне ие болуы. Жоба аясында жаңа заңды тұлға құрылып, сауда желісіне «Жанұя» деген атау берілді. Компания гипермаркет пен 14 минимаркетті (Сәтбаевта 10, Жезқазғанда 4 шағын маркет) басқаратын болады. Сондай-ақ, жаңа басқарушы компания желіні дамытуға 500 млн.теңге көлемінде өз қаражатын салады.

«Жанұя» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме бағаны 10% – дан аспайтын етіп ұстайтын болады, бұл жобаның бастапқы міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс. Жаңа желіні дамыту стратегиясы мен саясаты «Самади» сауда желісін басқару қағидаттарын ұстанатын болады. Бүгінгі таңда қызметкерлердің басым бөлігі «Жанұя» сауда желісінде жұмыс істейді. Бұл компанияның жақын арада іске қосу үшін және тиімділігін арттыру мақсатында жол картасы жасалды:

1) наурыз – тауар жеткізушілермен келіссөздер науқаны;

2) 1 сәуірден бастап гипермаркеттер мен минимаркеттерді тауарлармен толықтыру;

3) ассортименттік матрицалық саясат: – гипермаркеттің толық ассортименті (35 мың тауар атауы), – 2,5 мың ТОП тауардан тұратын минимаркеттер;

4) маркетинг. Ашылу кезінде тұтынушыларға лездік сыйлықтар ұтысына науқан дайындалады, ал жеткізушілермен бірге сатып алушылар үшін жеңілдіктер қарастырылады.

Жаңартылған желіні іске қосудың болжамды күні 25 – 30 сәуірге жоспарланған.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу48Твитерге30

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1612 бөлісті
    Бөлісу 645 Твитерге 403
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1529 бөлісті
    Бөлісу 612 Твитерге 382
  • Бағаналының Сағындық батыры

    878 бөлісті
    Бөлісу 351 Твитерге 220
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    856 бөлісті
    Бөлісу 342 Твитерге 214
  • Кеңгірбай бидің батасы

    617 бөлісті
    Бөлісу 247 Твитерге 154
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру